ПОЛУЧИТЕ 10% СКИДКУ!


Вступив в нашу группу в ВКонтакте Вы автоматический получаете 10% скидку на все работы и услуги нашего сайта.

Вступить в группу

ПОЛУЧИТЕ 20% СКИДКУ!


Чтобы получить 20% скидку на все услуги и работы Вам нужно вступить в нашу группу в Вконтакте и рассказать о нашем сайте на вашей странице.

Көне түркі тіліндегі шылау сөз табының мағыналық түрлері



Сөйлем ішінде шылау сөздер объектілік  - бағыттықты, мезгіл – мекендік, тиянақтылықты, әсерлікті әр түрлі грамматикалық маңына үстемелеп, қосымша реңк беретін және байланыстырушылық қызмет атқаратын лексемалар тобына жатады. Олар мағыналық қызметіне қарай демеуліктер, септеуліктер, жалқаулықтар болып үшке жіктелетіндігі белгілі. Бұлардың өзара атқаратын қызметтері әр қилы. Мәселен, жалқаулықтар сөзбен - сөз, сөз тіркестері және сөйлем мен сөйлемді байланыстырса, септеуліктер өздеріне тиісті септік формаларындағы атауыш сөздермен тіркесіп, сөйлем мүшелерінің арасындағы бағыныққылық, мекендік, мезгілдік, ортақтың қатынасты білдіреді де септік жалқаулы сөздердің мағынасын толықтырып нақтылай түседі. Ал демеуліктер болса, орын тәртібі арқылы атауыш сөздерге тіркесіп, сол сөздерге болжау, күшейту, қомсыну, салыстыру, нақтылау сияқты мағыналарды үстеп, әр түрлі грамматикалық қосымша реңк береді.Жалпы тілі білімінде шылаулардың бір қатары сөз бен сөздің арасындағы грамматикалық байланыстарды айқындау үшін, толықтыру үшін қызмет етсе, біразы сөз тіркестері мен сөйлемдердің арасындағы байланысты айқындау үшін дәнекер болады. Ал кейбіреулері жеке сөздер мен сөз тіркестері немесе сөйлемдерді нақытылау үшін, толықтыру үшін, я қосымша реңк беру мақсаттарда қолданылады делінген [22,б.362]. Осы теориялық тұжырым негізінде көне түркі руникалық жазба ескерткіштер тіліндегі шылау сөздердің мағыналық түрлері қарастырылады.

Септеулік шылаулар

Септеулік шылаулар шығу тарихы жағынан әуелгі лексикалық мағынасы бар атауыш сөздерден транспозициялық тәсілі арқылы пайда болған туынды тұлғалар болып саналады. Олар тілдің даму эволюциясында біртіндеп барып, бастапқы лексикалық мағынасынан айырылып, қосымшалар жалғану арқылы сіңісу процесі негізінде біріктіріліп, абстрактылы грамматикалық мағынаны иеленген жаңа сөздер құрайды. Мәселен, В.Э.Шерер, М.И.Стеблин-Каменскийдің: «Мы же склонны придерживаться точки зрения тех лингвистов, которые пологают, что послелоги и грамматические значения» деген пікіріне қосылып, оны О.Суник және Дж.Мураталиева құптайтынын айтады [23,б.53-59]. ?.Ертаев кейбір түркі тілдерінде септеуліктер жеке сөз табы болатындығын және В.Радловтың еңбегінде қырықтан астам септеуліктер барын сөз етеді[24,б.30-34].Ал апача тобына жататын навахо тілінде: «послелоги это показатели ролей неядерных актантов и сирконстантов , так сказать косвенные падежи.Таким образом, это не самостоятельные слова, а префиксы глагола, грамматические единицы » делінген[25,б.246].Сонымен жоғары да берілген ғалымдарың тұжырымдары бойынша пікір білдіретін болсақ, онда жалпы тіл білімінде септеулік шылаулар жайлы аффикс және дербес сөз мағынасындағы екі негіздің барын байқаймыз. Бұған қоса категория дәрежесіндегі септеуліктер бойына лексикалық және грамматикалық мағыналарды сіңдіретіндігі және өз алдына жеке сөз табы ретінде қаралатындығы бар. Мәселен, демеуліктер мен жалқаулықтар өздері тіркесетін немесе байланыстыратын сөздердің грамматикалық тұлғасын талдамайды. Атауыш сөздер қай сөз табына жатса да, қай тұлғада тұрса да жалқаулық пен демеуліктер оны елемей тіркесе береді. Септеуліктер олай емес, атауыш сөздердің арнаулы грамматикалық формада тұруын қалап, меңгеріп барып тіркеседі. Десек те, көне түркі тіліндегі септік жалқаулары бірінің орнына бірі қолданылған. Оларды қазіргі қазақ немесе басқа түркі тілдеріндегідей нақты жүйелік байқалмайды. Сол себептен септеуліктердің грамматикалық көрсеткішпен тіркесуін сөйлемнің мазмұны мағынасы арқылы анықтаймыз. Мысалы: Йақру қоңдуқта кісре ағың білік анта әйұр ерміс – Жақын қонғаннан кейін жаман ілімді сонда үйренген еді. Осы сөйлемдегі «Қоңдуқта кісре» тіркесі жатыс септігінде тұр. А.Кононов септеулік шылаулар сөйлемде есім мен етістік арасындағы синтаксистік қатынасты білдіреді. Яғни септіктердің мағынасын толықтырады деген[26,б.296].

Көне түркі руникалық жазба ескерткіштер тіліндегі септеулік шылауларға әчун, тегі, кісре, че, аша, бірле тұлғалары жатады.Сонымен қатар бірде үстеу, бірде септеулік шылау қызметін атқаратын тұлғалар да бар. Олар: тапа, артуә, әтрқ, қоды, қдә, қөре. Бұлардың ішіндегі ру/рә және че формалары түріктанушы ғалымдардың зерттеу еңбектерінде шылау есебінде қаралмайды.

Көне түркі тіліндегі септеулік шылау сөздерге жеке – жеке тоқталмастан бұрын, жоғарыда айтылған (ру/рә, че) лексикалық единицалар жайында ойымызды ортқа салалық.ЕҢ бірінші мәселе құранды жұрнақ болып танылып келген қару/керу , қару/геру формаларының құрамындағы ру/рә тұлғасы жөнінде болмақ. Көне түркі тілінен белгілі қару/керу формалары қазіргі түркі тілінің деректерінде үстеулік мән – маңына беретін сөздердің құрамында әлі форма немесе күнеленген құранды септік жалқау есебінде танылған.Ізін жоғалтқан бұл формаларды көне түркі руникалық жазба ескерткіштер мәтіндерінен ғана кездестіре аламыз.Түркітанушы ғалымдардың зерттеу еңбектерінен қару/керу тұлғалары көне жазбалар тілінде бағыттың мағынаны білдіретін барыс септігінің қосымшасы деген негізде орын алған.Г.Рамстедт бұл құранды форманы – ға барыс септігі және – ру бағыттың формасын директив деп көрсетеді де, - қару тұлғасынан маған, саған, оған, бұған сөздері  қалыптасқан дейді[27,б.44].Ғалымның пікірін кейінгі жылдары В.Котвич қолдап, өз болжамын монғол сөз жасаушы -  қаду формасымен сабақтастырады[28,б.324].Зерттеуші В.Банг пен А.Габэн бұл қосымшалардың құрамындағы ру/рә формаларының пайда болу жолын зерттей келіп, көсемшеден шыққан деп қорытындылап, төмендегідей мысалдармен дәлелдей түседі. Кең рә сөзінің құрамындағы – рә барыс септік формасы емес, керісінше кеңөр етістігіне – ? көсемше формасы қосылып, кейіннен үстеуге айналған деп айтады[29,б.264].

Руникалық жазбалардағы ру/рә формаларына қатысты негіздерді жинақтай келіп, аталмыш форманы ғылыми тұрғыдан септеулік шылаулар түріне жатқызамыз.Бұған дәлел ретінде мынандай тұжырым негіздер бар:

а) Септік категориясының формалары түбір сөзге бірден екі рет жалғанбайды.Және – те көне түркі тілінде барыс септігінің жалғауы басқа жалқауларға қарағанда тұрақты болып келеді. Мысалы: Тәпітке кічіг тегмедім – Тибетке кішкене жетпедім.

?) Көне ескерткіштер жазбаларында кейбір шылау сөздер аралығында тыныс белгі қойылмаған. Мысалы: Йерқару йер Байырқу йеріне тегі сөледім – Солға қарай йер Байырқу жеріне дейін соғыстым.

б) Аударған кезде бергеру – бері қарай , тарқанғару – тарқанға қарай, ілгеру – алға қарай болып өздігінен қарай шылауымен тіркесіп келеді.

в) Алтай тілдеріне жататын аталас монғол мен түркі тілдерін салыстырған кезде монғол тіліндегі ру/рә формалары қарай шылау мағынасындағы сөз ретінде дербес қолданылған. Мысалы: гэр руу – үйге қарай, уул уруу – тауға қарай болып келеді [30,б.807]. Бағыттың мағынадағы таман сөзі де сөздікте руу/рұқ деп берілген [31,б.295]. Қарай шылауының құрамындағы ға-ра-й (-ру,-рә,-ры,-рі) бағыттың мағынадағы көне рудиментті байқау қиын емес. Жалпы қорыта көне түркі руникалық жазба ескерткіштер тіліндегі құранды жұрнақ немесе барыс септік жалғауы болып осы уақытқа дейін танылып келген ру/рә тұлғасы -  лексикалық единица.Нақты айтқанда, барыс септік жалқаулы сөзден кейін келетін бағыт – бағдар мағынасындағы септеулік шылау. Ру/рә және че тұлғалары көне түркі тілдеріндегі атауыш сөздермен тіркесіп келіп, мезгілдік, мекендік, божаулық, бағыттың мәнді грамматикалық мағыналары білдіріп, байланыстырушылық қатарына жатады. Септеуліктерге тән қасиет тіркесетін сөздерінің белгілі бір грамматикалық тұлғада тұруын талап етеді. Мұндай белгілі бір грамматикалық тұлғада тұратын негізгі сөздер – зат есім, есімдік, етістіктің есімше түрі және қимыл атаулары. Аталмыш шылаулар тобы сөйлемде есім мен етістік арасындағы синтаксистік байланысты білдіреді. Яғни септеулік шылаулар септік жүйемен тікелей байланысты. Олар септіктердің мағынасын толықтырады, нақтылайды. Сонымен бірге септік жалқаулары бере алмайтын синтаксистік қатынастағы грамматикалық мағыналары мен ерекшеленеді.

Демеулiк шылаулар

Қазақ тiл бiлiмiнде демеулiк шылауларға қатысты ғылыми еңбектер мен зерттеу жұмыстар бiршама бар. Дегенмен олардың мағыналық құрамына және орын тәртiбiне  (позиция) қатысты даулы мәселелер жоқ емес.Мәселен,?.Жұбанов «Қазақ тiлi жөнiндегi зерттеулер» атты еңбегiнде шылауларды қосалқылар және жалғауыштар деп бөлiп, қосалқылардың өзiн iштей дәйек және аяқ қосалқы деп бөлген. Соның iшiнде дәйекке тым, өте, ең т.б. деген қазiргi күшейткiш үстеулердi шылау есебiнде қарастыру керектiгiн сөз еткен [32,б.162].Бүгiнде бұл көзқарас кейбiр тiлшi ғалымдардың еңбектерiнен жалғасын табады.С.Исаев «күшейтпелi асырмалы шырай тұлғасын жаасайтын күшейткiш үстеу деп аталып жүрген өте, тым, аса, тiптi т.б.тәрiздi көмекшi сөздердiң сапалық сынбармен тiркесңi де сөздiң аналитикалық формасына жатады. Өйткенi бұл жерде күшейткiш буындар да (уп-улкен, қып-қызыл т.б.), күшейткiш көмекшi сөздер де (Өте үлкен, тым тамаша т.б.) бiрiншiден форма тудыратын қосымшалар сияқты өзi тiркескен сөзге қосымша грамматикалық (күшейткiш) маңына үстейдi, бiрақ лексикалық мағынасына нұқсан келтiрмейдi, не оны өзгертiп жiбермейдi» деп тұжырымдайды [33,б.52]. Сол сияқты А.Қалыбаева, Н.Оралбаева бiрлесiп жазған еңбекте де аталмыш тұлғалар күшейткiш үстеу есебiнде қаралмай, дербес сөздiң формасын талғамайтын көмекшiлер қатарына жатқызады [34,б.162].Қазiргi қазақ тiлiндегi демеулiктердi зерттеген Ы.Шағаманова,?.Жұбанов, Н.Оралбаева, С.Маралбаева, С.Исаев, М.Серғалиев пiкiрлерiне қосыла отырып, өз ойын былай түйiндейдi: « Қазiргi күшейткiш үстеу деп танылып жүрген сөздердi шылауларға кiргiзiп, оның iшiнде тағы да саралап, грамматикалық мағынасына, тiркесетiн сөзiне орай күшейткiш демеулiк немесе сындық демеулiк деп қарастырған жөн сияқты” [35,б.128]. Шындығында, қазақ тiл бiлiмiнде бұл негiздiң барына бiраз уақыт өтсе де, аталмыш тiлдiк единицалардың сау басы саудаға түсiп әлi жүр.

Негiзiнен, ең, тым, өте  осы сияқты лексемалар кейбiр туыстас түркi тiлдерiнде шылау сөздер қатарына жатқызылады. Мысалы: Қырғыз, ұйғыр, қақауыз, хакас, түрiк, шор тiлдерiндегi. Көмекшi сөздер атауыш сөздерден кейiн келедi деген тұжырым жалпы тiлдiк сиптттамалық дәрежеде айтылған заңдылық. Десек те, тiлдiң кейбiр iшкi флексиялық заңдылықтарына байланысты өзгешелiктерi болады. Мәселен қазақ тiл бiлiмiнде сөз алдында тек демеулiгi ғана келедi деймiз. Егер де күшейткiш үстеулер деп танылып жүрген единицаларды күшейткiш демеулiктер деп есептейтiн болсақ, онда жалғыз тек сөзi ғана емес өте, аса, тым, ең, тiптi т.б.осы сияқты сөздердi де сөз алдында келетiн демеулiк сөздер қатарына жатқызуға болар едi. Мұны айту себебiмiз, көне түркi тiлiнде өте, ең тұлғалары кездесiп, қазiргi дәрежесiнде қызмет атқарған. Мысалы:

Көне түркi тiлi: ЕҢ iлгi Тоқу балықта сүңiшдiм – ЕҢ бiрiншi Тұқы балықта соғыстым. Екiншi сүңiс ең iлгi ай алты йаққа…- Екiншi соғыс ең бiрiншi айдың алтысында…Күзде йаш  келсер әтi де күңөлге сықыт келсер… Көзге жас келсе өте көңiлге шер келер.

Қазақ тiлi:Ескiнiң ең жақсысын ала бiлмей,жаманнан арыла бiлмей жүргендерге ренжiдiм.Ал мұндай күресте жазушылардың, өнер қайраткерлерiнiң алатын орны өте зор.

Екiншi бiр тiлдiк нормаға сәйкессiздiгi – демеулiктердiң қосымшаға айналу мәселесi.Бұл - өзгешелiкте айтылып жүрген мәселелердiң бiрi. Мысалы: Келесiң бең – келемiсiң, барасың бақ – барамысың. Сонымен қатар кейбiр демеулiктердiң жiктiк жалғауын қабылдап, басқа сөз таптарының қызметiнде көрiну де жоқ емес. Мысалы:

I. Мен       ғанамын              Бiз     ғанамыз

II. Сен      ғанасың               Сендер       ғанасыңдар

    Сiз        ғанасыз               Сiздер        ғанасыздар

III. Ол      ғана                     Олар                   ғана

Сол сияқты әдемi – аңсық, жаман – аңсық ағылшысыдамын, әкесi демiн деген сөздердегi күшейткiш мәндi демеулiктер сөз құрамында келiп, өзiнен кейiн көптiк, жiктiк жалқауларын да қабылдайды.

Көне түркi жазба ескерткiштер тiлiнде кездесетiн күшейткiш мағынасындағы қына (Ғана/ғана), оң/әк (ақ), та/де (та/те, да/де) және сұраулық мағынадағы төгүл (түгiл) демеулiктер де бұндай өзгерiстер байқалмайды.

Жалпы тiл ғылымында шылаулар сөз табы бола алмайды деген көзқарасқа, әсiресе, осы демеулiктердiң қосымша формаларына ұқсас болуы себеп болған. Сондықтан да жоғары да айтылған қосымша мәселесiне байланысты кейбiр ғалымдар бiр кездерi демеулiктердi аффикс деп таныған болатын. Түркiтанушы ғалымдардың тiлде бұрыннан қалыптасып, демеулiк қызметiне ежелден енiп кеткен тұлғаларды табиғи деп көрсетуi және сол демеулiктердiң аффикстiк элемент деп қарауы жағынан пiкiрлерi сәйкеседi. Бұл жайлы қырғыз ғалымы А.Карымшаков турголктардың демеулiктердi аффикстiк элемент деп көрсетуiн қостап, «түркi тiлдерiндегi сөздердiң көмекшi сөзге, одан қосымшаға айналуы заңды құбылыс» деген ойын бiлдiредi [9,б.192].Демеулiктердiң бiразы тұлғалық жағынан қосымшаға ұқсас келгенмен және олардың лексикалық мағыналары солқын, грамматикалық мағыналары абстрактылы болса да, аффикстерге қарағанда дербестiгiнен мүлде айырылып қалмайды. Сөзден бөлек тiркесiп дербестiгiнен қолданылуын сақтап қалғаны бұрынғы дербестiгiнiң қалдығы деп түсiнуiмiз керек. Ал түркологияда жұрнақтардың өзi дербес сөздерден пайда болған деген пiкiр көптен берi айтылып келе жатқаны белгiлi.Көне түркi руникалық жазба ескерткiштер тiлiнде болымсыздың мағынада қолданылатын төгүл формасы мен шектеу, нақтылау мағынасындағы қына демеулiктерден басқалары тұлғалары жағынан аффикстерге ұқсас келедi.Мысалы оған: та/де, оң/әк, ба/му, гу/гә/көк, ча/че, ру/рә сияқты бiр буынды формалар жатады. Олар тұлғалық жағынан қосымшаларға ұқсас келгенмен, тiлде атқаратын қызметтер екi басқа. С.И.Соболевский көне грек тiлiндегi демеулiктердiң де қосымшаға ұқсас болғанмен, олардың атқаратын тiлдiк қызметтерi мен дәрежелерiнiң әр түрлi екендiгiн сөз етедi. Көне грек тiлiнде көне түркi тiлiндегi демеулiктермен сәйкес қата, те, бе, ге формалары бар [36,б.273]. Демеулiктердiң ескерткiш тiлiнде септеулiк шылау ру/рә немесе че сияқты сөз құрамында келуi жоқ. Атауыш сөздерге тiркесiп келiп, сол сөздерге әр түрлi грамматикалық мағыналар үстейдi. Демеулiктер де тiлдiң даму эволюциясында бiртiндеп барып бастапқы лексикалық мағыналарынан айырылып, абстрактылы грамматикалық мағынаны иеленген жаңа мағынадағы шылау сөздер тобын қалыптастыра бастаған.

Орхон – Енисей жазбаларындағы шылау сөз табының лексикалық құрамына қатысты сөз еткенде, кейбiр шылау сөздер деп танылып келген единицалардың басқа сөз таптарына жататындығы демеулiктерде де кездеседi. Бүгiнгi күнге дейiн зерттеу еңбектерде демеулiк шылаулар деп танылып келген йалаңус, йана, анық, нең, ерiнч, ерсер сияқты әр түрлi категориялық мағынадағы сөздердi жалпы шылау сөздер қатарына қосып қарастырамыз. Бұлардан да басқа септеулiктер және жалқаулықтар деп танылып келген тұлғалардың барлығына дерлiк түсiнiктер берiлдi. Сонымен бiрге түркологияда қалыптасқан демеулiк атауына қактысты пiкiрлер де айтылған болатын.Қазақ тiл бiлiмiнде бұл атау алғаш А.Байтұрсынов еңбегiнен бастап, «демеу» деген терминмен аталады. ?.Жұбанов зерттеуiнде «Үстеуiштер» деп берiлсе, С.Аманжолов еңбегiнен бастап «демеулiктер» деген атау толық өз атын иемденген. Содан берi Р.Өмiров, К.Амиралиев, Ф.Кенжебаева, ?.Иманалиева, В.Исенғалиева, Ы.Шағаманова сынды тiлшi ғалымдар оларды арнайы зерттеген. Олар жалпы шылаулар тарихын сипаттай отырып, бiрi жалқаулықтардың, бiрi септеулiктердiң, ендi бiрi демеулiктердiң әр қырларынан ғылыми зерттеулерiн танытып, өзiндiк құнды пiкiр – тұжырымдарын жасаған. Аталмыш ғалымдардың зерттеу еңбектерiне сүйене отырып, көне түркi руникалық жазбалардағы шылауларды салыстырып қарағанымызда, бүгiнгi түркi тiлдерiндегi шылаулар сөз табының қалыптасуындағы алғашқы сатысы болып отыр. Яғни қазiргi қазақ тiлiндегi демеулiктердiң қалыптасу тарихы да көне түркi руникалық жазба ескерткiштер тiлiнен бастау алады деген сөз. Орхон – Енисей жазбалар тiлiндегi демеулiктерге та/де, оң/әк, ба/му, әу/гә/көк, қына, төгүл тұлғалары жатады. Сонымен қатар та/де демеулiгiнiң орнына жүретiн жартылай жалқаулық шылау мағынасындағы «йеме» формасын да жатқызуға болады. Аталмыш тұлғаларды қазiргi қазақ тiлiндегi қолданылып жүрген формаларымен салыстырып көрсететiн болсақ мынандай: та/де – та/те, да/де; оң/әк – ақ; ба/му – ма/ме, па/пе, ба/бе; ??/гә/көк – ғой/ғой; қына – ғана/ғана; төгүл – түгiл болып келедi. Көне түркi тiлiндегi демеулiктер қазiргi қазақ тiлiндегiдей өздерi тiркескен сөздерге қосымша грамматикалық маңына үстейтiн шылау сөздердiң мағыналық түрлерiнiң бiрi болып саналады. Демеулiктер септеулiктер сияқты өзi тiркесетiн сөздердiң белгiлi бiр грамматикалық формада тұруын талап етпейдi.Атауыш сөздерге тiркесiп, сол сөздерге болжау, күшейту, қомсыну, салыстыру, нақтылау мағыналарын үстейдi. Қазiргi қазақ тiлiнде демеулiктердiң септеулiктер мен жалқаулықтарға қарағанда дамуы да, қолданылу аясы да бiршама активтенген. Көне түркi тiлiндегi демеулiктердiң сөйлем iшiндегi грамматикалық қатынастағы дәрежелерiн көрсету үшiн қазiргi қазақ тiлiндегi жекелеген авторлардың еңбегiнен мысалдар алып, салыстырып қарастырамыз. Жазба ескерткiштер тiлiнде шылаулардың өзара (аз – көп) қолданылуына байланысты Күлтегiн, Тонйңғақ, Бiлге қаған, құтлық қаған (Онгин), Ырғақ бiтiг, Көлi – Чор, Мойын – Чор, Тариат жазбалары бойынша статистикалық мәлiметтеме жасалынды. Сонымен қатар қазiргi түркi тiлдерiндегi шылау сөздермен салыстырылынып, өзгерген дыбыстық варианттары да көрсетiлдi.

Та/Де: Руникалық жазбадағы та/де демеулiгi – қазiргi қазақ тiлiндегi та/те, да/де формаларындағы күшейткiш демеулiктер. Көне түркi тiлiнде тек демеулiк мағынасында ғана болады. А.Ысқақов қазақ тiл бiлiмiнде та/те, да/де шылаулары сөздер не сөйлемдердi байланыстыру қабiлетiне байланысты бiрде жалқаулық, бiрде демеулiк мағынасында болатындығын айтады. Жалқаулық шылау қатарына қосқан та/де формасын ғалымдар пiкiрiне сүйене отырып, демеулiктер құрамына жатқызамыз. Себебi мынандай: демеулiк ретiнде қолданылғанда, бiр сөздiң немесе бiрыңғай мүшелердiң әрқайсысының жетегiнде болып, оларға күшейту, анықтау, тұтпiштеу мағыналарын үстемелеп отырады [22,б.336].

 

Жалқаулық шылаулар.

 

Тiл бiлiмi негiзi алғашқы қазығы есебiнде тiлдiк элементтер мен единицаларды зерттеуден бастайды. Себебi ең бiрiншi тiлдiң құрылымдық бөлшектерiн және олардың ерекшелiктерi мен қағидаларын нақтылы зерттеп бiлмейiнше, ғылымды танып бiлу мүмкiншiлiгi жоқ. Бұл – тiл- тiлдiң қайсысына болмасын қатысты ортақ заңдылық. Бiздiң қарастыратын мәселемiз осы тiлдiк бiрлiк, яғни 5-8 ғасыр аралығындағы руникалық жазбаларда жалқаулық шылау сөздерiнiң бар – жоғына қатысты болып отыр. Көне түркi тiлдерiнде жалқаулықтардың бар – жоғын анықтау үшiн оның ең бiрiншi ғылыми – теориялық негiзiн бiлуiмiз шарт. Келесi бiр шарты – оны дәлелдейтiн деректер, тiлдiк материалдар болу керек. Осы екi негiзде Орхон – Енисей және Талас жазбаларындағы шылау сөздердiң мағыналық түрлерiнiң бiрi жалқаулықтар туралы сөз болмақ. Жалқаулықтар – сөз бен сөздi, сөйлем мен сөйлемдi байланыстыратын, бiр сөздiң аясында қалмай екi сөзге, екi сөйлемге бiрдей маңына қосатын шылау сөздер. Тiл ғылымында олар аналитикалық форманттар есебiнде қарастырылады. Жалпы олардың да қалыптасуы өзге грамматикаланған сөздердей грамматикалық жағынан дерексiзденуi, лексикалық дербес ұғымнан жалпы категориялық дәрежеге жетуi өте баяу және бiрте – бiрте даму жолымен болатындығы анық.Тiл бiлiмiнде бұндай номинациялық процестердiң болуын түбегейлi шешiп беру оңайға соқпайды. Ғылым үшiн тiлдiң табиғаты - өте күрделi құбылыс. Тiлдiң табиғи құбылысы тұрақты болғанмен, грамматикалық құрылысы тұрақсыз үнемi даму үстiнде болады. Сондықтан да тiл ғылымында әр түрлi көзқарастардың туындауының өзi – заңды нәрсе.

Орхон – Енисей ескерткiштер тiлiндегi шылауларға қатысты айтылған ғалымдар пiкiрлерiне назар аударалық.Мәселен, ?.Құрышжанов, М.Томанов бiрлесiп жазған «Орхон – Енисей жазуы ескерткiштерiнiң зерттелу тарихы мен грамматикалық очерктерi» атты еңбекте көне түркi тiлiндегi шылауларды қазiргi түркi тiлдерiндегi шылаулармен салыстырады. Олар көне түркi тiлiнде шылаулар категориялық дәрежеде қалыптаспағандағын айта келе, көмекшi есiмдердi қосып қараған. Одан кейiн жазбалар тiлiнде бүгiнгi түркi тiлдерiндегiдей жалқаулықты шылау жүйесi жоқ, сондықтан оларды салаластырушы, құрмаластырушы деп бөлуге негiздiң жоқ екендiгiн айтады. Бiз ғалымдардың жалқаулықты шылау жүйесi жоқ дегенге келiскенмен, категориялық негiзде көрiне алмайды дегенiне қосыла алмаймыз. Әрине, қазiргi қазақ тiлiндегi жалқаулықтар тобы көне түркi тiлiмен салыстырғанда сан жағынан да мол және беретiн мағынасы да сан қырлы. Оның үстiне олардың қолданыс ыңғайы да көне тiлмен салыстыруға келе бермейдi. Сонымен қатар көне түркi тiлiндегi кейбiр шылау сөздер қазiргi қазақ тiлiнде сақталмаған және олардың орнына басқа сөздер қолданылады. Мәселен, А.Кононовтың осыған қатысты ойы мынандай: «Позднее, начиная с караханидского периода, под воздействием арабского и персидского языков и литературы на этих языках собственно тюркские союзы, модальные слова и частицы были почти полностью вытеснены арабскими и персидскими займствованиями» [26,б.200]. Бұл пiкiрге көз қарасымызды айтсақ, көне түркi тiлiндегi жалқаулық шылаулардың барлығы дерлiк қолданыстан шығып қалмаған. Ал араб – парсы сөздерi орын басқанымен шылау сөздерге зиян келген жоқ, керiсiнше кiрме сөздердiң баламасы ретiнде дамып, бүгiнгi тiлде қолданылып жүр. Ал жалқаулық шылаулар болса, көне ескерткiштер тiлiнде өте сирек.Олар бұл дәуiрде жаңа да iзiн сала бастаған. Тiл құрамы өседi, өзгередi, қайта қалыптасады, ескiредi,кемидi, ақыр соңында ұмытылады, бiрақ ол мүлде жоғалып кетпейдi., бiр күйден екiншi бiр күйге көшiп немесе бiр төрден екiншi бiр төрге ауысып, дамып қалыптасып отырады. Осыған қатысты А.Щербак өзiнiң «Очерки по сравнительной морфологии тюркских языков» деген еңбегiнде руникалық жазба ескерткiштерiнде жалқаулық шылаулар кездеспейтiндiгi туралы түйiнi мынандай: «Некоторые экспрессивно – выделительные частицы примечательны тем, что являясь акцентирующим средством, они одновременно выполняют сочинительные и подчинительные функции. И посколько частицы, как акцентирующее средство, имеют тюркских языках длительную, а союзы появились относительно поздно, прочно укоренилось мнения о том, что многие тюркские союзы ведут свое происхождение от усилительных частиц»[37,б.104].Ғалым әрi қарай байланыстырушы элементтердiң басқа тiлдерден де қалыптасатындығын түсiндiредi. В.Насиловтың пiкiрi де осы тәрiздес жалқаулықты шылаулардың орнына демеулiктер қызмет еткендiгiн көрсетедi.: «В грамматическом строе Орхон – Енисейских памятников не являются сложившейся категорий. Синтаксический строй рассматриваемых текстов исключает как соединительно – сочинительные, так и подчинительные союзы, что неоднократно констатировалось многоими тюркологами.Единственными лексическими средствами , приблежающимисяк категории союзов, слушает частицы та – и, да, же и йеме – и, также, еще» дейдi [20,б.44]. В.Кондратьев зерттеуiнде йеме шылауының жалқаулық мағынасында қолданылатындығын айта келе, азу сөзiн жалқаулық шылау деп тұжырымдайды.[38,б.131].?.Айдаров жалқаулықтар қатарына йеме,әк, та/те, да/де – лердi жатқызады [15,б.148]. Ал А.Кононов өзiнiң «Грамматика языка тюркских рунических памятников 7-9 вв.»деген еңбегiнде жалқаулықтарға азу, йеме, тағы, уду, та, артуғы сөздерiн алып, оларды iштей ыңғайластық жалқаулықтар және талқаулық жалқаулықтар деп екiге бөлiп жiктеген. Осылардың iшiндегi уду (Қдә), та, тағы, йана сөздерiне қатысты ой – пiкiрiмiздi бiлдiре кетейiк.А.Кононовта  «артуғы/арту?» «Большой, больше» - ы афф.принадлежности «еще, кроме того»: Қырқ артуғы йетi йолы сәлемiс – Сорок да еще семь раз ходили они в поход – деп берiлген[20,б.200].Бiздiң ше артуғы сөзiн шылаулар қатарына қосып қарағанына келiскенмен, жалқаулықты шылау түрiне жатқызғаны дұрыс емес. Себебi түркологияда кейбiр сандардың орын алмасып келулерi сияқты немесе санаулық атауының айтылуы жөнiнде өзiндiк ерекшелiктерi мен қасиеттерi туралы айтылған мәлiметтер баршылық.Мәселен, М.Томанов: «Көне түркi тiлiнде санаудың басқа да бiр тәсiлi болған.Әуелi ондықты бiлдiретiн сөз, оған тiркесе артуә сөзi, сонан соң қажеттi бiрлiк айтылған.Мысалы: Қырқ артуә жетi (47), отуз артуә төрт (34), отуз артуә бiр (31) т.б. Жүзден жиырмасы артық тәрiздi сан – мөлшерлiк сөз тiркестерi осындай қолданыстық iзi» деген болатын [39,б.205].Сол сияқты өтейбойдақ Тiлеуқабылұлының «Шипагерлiк баянында» санаудың басқа түрi берiледi. Мысалы: көз мұрын (3), қос қол кем ауыз (9), қыр кем ауыз (40), қос кел есе кез құлақ (10 х 4 =40), қос қол есе көз құлақ, қоспа артқы көз мұрын (10 х 4 +3=43) т.б. болып келедi.Бұдан байқайтынымыз сандық ұғымды беру үшiн анатомиялық сөздер аралығында келiп, лексика – грамматикалық мағынасымен қоса байланыстырушылық қызметiн атқарады.

С.Маловтың еңбегiнде мұндай санаудың түрi қазiргi сары ұйғыр тiлiнен кездесетiндiгi сөз етiледi. Осындай деректерге сүйене отырып, «Қырқ артуғы йетi йолы сәлемiс» - деген сөйлемдегi артуғы сөзiн шылау сөз деймiз. Нақты айтқанда,екi сан есiм ортасында тұрған аналитикалық формант немесе күрделi сан есiм жсау жолындағы мөлшер мәнiндегi шылау сөз болады. Сонда бұл сөйлем «Қырық жетi реттен артық жорыққа аттанған» - болып аударылуы керек едi. Дегенмен ғалым шылау екенiн аңғарып зерттеуiнде атап өткен. Артуә сөзi көне жазба ескерткiштерiнiң iшiнде көбiне Бiлге қағанда кездеседi. Мысалы: Отуз артуғы әч йашыма уә ертi – Отыздан артық үш жасымда хан болдым. Бұл сөйлемдi «отыз үш жасымда қаған болдым» деп берсе де түсiнiктi. Аталмыш тұлға бұдан басқа сөйлемде шылаулық қызметте көрiнедi. Табқач атлық сәсi бiр төмен артуғы йетi бiң сөг iлкi күн әләртiм – Табқаш атты әскерiн бiр төменнен артық жетi мың әскерiн алғашқы күнде өлтiрдiм. Осы сөйлемдi «табқаштың он жетi мыңнан артық атты әскерiн алғашқы күнде өлтiрдiм» деп берсе де, артуә сөзi шығыс септiктi сөздермен тiркесiп келедi.  Көне түркi тiлiнде  артуә     сөзi сындық мағынада байқалмайды. Артуә сөзiнiң шылау екенiне күмән келтiрмес үшiн тағы бiр мысал келтiре кетелiк. Мысалы: Йарағынта йалмасынша йөз артуә оқун урты  – қарауына, сауытына жүзден артық оң тидi. Жалпы артуә  (артық ) сөзi қазiргi қазақ тiлiндегiдей  шығыс шығыс септiктi меңгеретiн септеулiк шылау қызметiн атқарған. Сөйтiп көне түркi руникалық жазба ескерткiштер тiлiндегi артуә  тұлғасын жалқаулыққа емес, шығыс септiктi меңгеретiн септеулiк шылаулар қатарына қосуымыз керек.

Ал та сөзiне келетiн болсақ, көне жазба тiлiнде бұл форма тек демеулiк шылау ретiнде ғана қызмет атқарған. Мұны тiлдiң теориясына жүгiну арқылы тұжырымдадық. Қазақ тiл бiлiмiнде мынадай ереже қалыптасқан: та/да шылауы  жалқаулық ретiнде қолданылуында өзара бiр-бiрiмен ыңғайласатын  екi сөздiң  немесе сөз тiркестерiнiң, сондай-ақ салалас я сабақтас құрмаластардың құрамындағы жеке сөйлемдердiң байланысуына, жалғасуына дәнекер болып, қызмет етедi [22,б.366 ]. Осы тұрғыдан алып қарағанда та/де формалары демеулiк шылау мағынасында болады. Түркологияда та/де-лердiң алғаш жалқаулық шылау қызметiнде болмағанды сөз етiлген. Мәселен, түркi тiлдерiнiң  тарихи – салыстырмалы грамматикасында «Вариант та как союз в древнетюркских памятников пока не отмечен. Указонное выше фонетические развитие союза произошло в более позднее время – после 11в. самостоятельно в каждом из тюркских языков» делiнген [29,б.512].

Көне түркi руникалық жазба ескерткiштер тiлiнде қазiргi қазақ тiлiндегi та/те, да/де күшейткіш демеуліктердің тек ғана та/де дыбыстық варианттары қолданылғын. Олар жалқаулық шылау сипатында көрінбейді. Себебі демеулік шылау мағынасында қолданылудың өзі өте сирек кездессе, сол дәуірде тілдік қолданысқа орай жаңа да демеулік шылауға тән қасиетті иелене бастаған. Бұл тұлғалар ескерткіштің ішінде тек Күлтегін үлкен жазуында ғана ұшырасады. Олардың білдіретін грамматикалық маңыцналарын мысалдар арқылы та/де демеулігіне тоқтаған кезде бердік. Осыған қатысты көне түркі тіліндегі йеме сөзі нақты та/де демеулік шылауының қызметінде көріне алады. Мысалы: Оқузу йеме танғанч ол тіміс – Оғыздар да дағдаруда депті. Біз йеме сөледіміс – Біз де аттандық. Осы сияқты мысалдарды көптеп келтіруге болады.

Ырық Бітіг жазуы мен Тонйұқық және Мойын – Чор ескерткіштерінде кездесетін қдә тұлғасы туралы септеулік шылауларға тоқталған кезде айттық. Әйтсе де, А.Кононовтың бұны жалқаулық шылаулар қатарына қосу себебі неде? Мысалы: Ілтеріс қаған қазғанмасар қдә бен өзөм қазғанамасар деген сөйлемді алған да, қдә сөзін также мағынасында береді. Аудармасы былай: «Если бы Эльтериш каган не приобретел (земель) и я также не приобретал бы…»[20,б.206]. Ал С.Маловтың аудармасында оның мағынасы следуя деген сөзбен беріледі.Жалпы қдә сөзі жалқаулықты шылау мағынасында көріне алмаған. Біздіңше, бұл сөз сөйлемдегі (контекстік) мағынасына қарай негізінен үстеу сөз табына жатады.Қазақ тіліндегі жалқаулықтарды зерттеген ғалым Р.Өміров алтай тілі грамматикасы мен М.Терентьевтің еңбегіндегі «Қазақ тілінде жалқаулықтар жоқ, сөздер қатар – қатар тізіледі» және П.Мелиоранскийдің көне тілде жалқаулықтар өте аз кездеседі деген пікірлерін айта келіп, руникалық жазбаларында жалқаулықтардың барын, олардың басқа сөз табының орнына жүретіндігін және талқаулықты мағынаны білдіретін «азу» сөзінің әрі жалқаулық, әрі сұраулық демеуліктің қызметін атқаратындығын тап бассып, оның қазіргі тува тілінде кездесетіндігін де айта кеткен болатын.[40,б.70].

Сонымен көне түркі руникалық жазба ескерткіштер тіліндегі йеме, азу сияқты сөздерді жалқаулықты шылаулар деп, аздығына қарамай қазақ тіл білімінде қалыптасқан дербес категория дәрежесінде алып қарастырады.

Сөйлем құрамындағы сөздерді байланыстыруда қызмет ететін шылау сөздердің екі түрі болады. Соның бірі – жалқаулықтар.Өзара тең тұрған сөздерді, сөйлемдерді байланыстырып, солардың арасындағы грамматикалық қатынастарды білдіретін сөздерді жалқаулық шылаулар дейміз. Олардың басқа түрлерден ерекшелік қасиеті – бір сөздің аясынан шығып, екі сөзге, екі сөйлемге бірдей маңына қосып ұштастыра алуы. Жалқаулықтар – аналитикалық сипаттағы байланыстырушы сөздер. Бұлардың ескеретін жері сөз тіркесін құраудан гөрі байланыстырушылық қасиеті басым болады. Қазақ тіл білімінде жалқаулықтардың тілдің даму эволюциясында біртіндеп барып бастапқы лексикалық мағыналарынан айырылып, абстрактілі грамматикалық мағынаны иеленген жаңа мағынадағы сөздер екндігі айтылады. Жалпы олардың қалыптасуы да өзге грамматикаланған сөздердей грамматикалық жағынан дерексізденуі, лексикалық дербес ұғымнан жалпы категориялық дәрежесіне жетуі өте баяу және бірте-бірте даму жолымен болатындығы анық. Ал септеулік шылауларға қарағанда жалқаулықтану процесі көне түркі тілінде жаңа да ізін сала бастаған. Сондықтан да көне түркі дәуірінде жеке қалыптасқан сөздер болып толық көріне алмайды. Дегенмен көне түркі руникалық жазба ескерткіштер тіліндегі йеме және азу формалары қазіргі қазақ тіліндегі және мен әлде маңыасындағы жалқаулықты шылау сөздер болып отыр. Оларды синтаксистік қатынастағы грамматикалық мағыналары жағынан салыстырып қарағанымызда айтарлықтай айырмашылықтары байқалмайды. Түрколог – ғалымдар зерттеулерінде йеме, тағы, йана сөздерінің мағыналарын бір дәрежеде алып қарастырғаны белгілі. Мұнда тағы мен йана сөздері көне түркі тілінде  үстеу сөз табымен мағынасында қызмет еткен. Ескерткіштер тілінде бірде шылау, бірде үстеу қызметінде көрінбейді. Мысалы: Елін йана бертіміз – Елін тағы бердік немесе елін қайта бердік. Кідізіг субқа суқмыш тағы ур қатыңды ба дер – Кигізді суға салқын, тағы әр қатайды ма дер. Таным тәші тағы тәкемескен – Танылған түсі тағы аяқталмаған. Табқачға йана ічікді – Қытайға қайта бағынды. Мысалдардан көріп отырғанымыздай, әр уақытта тағы мен йана сөздері бірінің орнына бірі жүре бермейді. Олар көне ескерткіштер тілінде етістіктердің алдында келіп іс әрекетті пысықтап тұрады.

Сонымен аталмыш сөздер көне түркі жазба мұраларында үстеу мағынасында қолданылған. Кейінгі бір дәуір кезеңдерінде біртіндеп барып синтаксистік қатынаста грамматикалық мағыналары кеңейіп, сол формаларында шылау сөздер мағынасына ауысқан. Жалқаулықты шылау деп танылып келген йеме, тағы, та, артуғы, азу сөздерінің ішінен тек азу сөзі нақты талқаулықты жалнқаулық шылау сөз де, йеме жартылай мағынадағы немесе жаңа да шылаулық қасиетке бейімделе бастаған жалқаулықты шылау сөздер болып саналады. Енді сол екі формаға түсінік берелік.

Азу: көне  руникалық жазба тіліндегі азу тұлғасы қазіргі қазақ тіліндегі әлде талқаулықты жалқаулық шылау мағынасында қолданылған. Ескерткіштердің ішінде тек Күлтегін кіші жазуында ғана ұшырасады. Мысалы:

Көне түркі тілі: Азу бу сабымда ігід бар әу - әлде бұл сөзімде жалғандық бар ма ? Азу жалқаулық шылауы сөйлемнің басында келіп, ойға қатысты іс-әрекеттің  шындығына немесе көмескілігіне күмән келтіру және талқау мағынасында қызмет атқарған. Қазақ тілінін грамматикасында азу шылауының мағынасындағы әлде сөзі араб тілінен енген деген болжам бар. Аталмыш тұлға бастапқы да сұраулық мағынадағы демеуліктер қатарында болып, кейіннен әбден зерттелгеннен кейін талқаулықты жалқаулық шылау қатарына қосылғандығы сөз етіледі.Басқа тілдермен салыстырып қарағанымызда, тува және тофалар тілінде көне түркі руникалық жазба ескерткіштер тіліндегідей сол формада және сол мағынасында қолданылатындығы анықталды. Мысалы:

Тофалар тілі: азы чң лұғн ? азы аьт паан, азы инүк поон – что это ? то ли конь, то ли корова ?. азы алыр мен баан , азы албас мен баан ? – или брать мне, или не брать.

Тува тілі:Даарта мен қызылче азы Абаканче чоруур мен – Завтра я поеду в Кызыл или Абакан. Ховуда бараан кәстүр, мал бе азы хараган бе, ылгавайндар мен – В поле что- то  виднеется не различаю: скот или караганникө

Йеме: Йеме сөзі көне түркі тілінде әртүрлі грамматикалық мағынада қызмет еткен. Мысалы: Күн демей, тән демей желіп барды. Бұл сөйлемді күн де, тән де желіп бардық немесе күн және тән де желіп бардық деп те аударуға болады. Шындығында, йеме сөзі демей формасына сәйкеседі. Түркі тілдер арасындағы фонетикалық өзгешеліктірін ескеретін болсақ, онда дыбыс алмасулары (адақ-айақ-аза?) кездесіп жатады. Осыдан йе-ме, де-мей  сөздерінің бір негізді формалар екендігін көруге болады. Осы көне йеме элементінен қазақ тіліндегі және жалқаулықты шылау жасалынған деген пікір де жоқ емес. Біз бұлардың жасалу, шығу тектеріне жеке тоқталамыз. Біздің мұнда қарастыратынымыз оның контекстегі лексика – грамматикалық сипатын анықтау. Сонымен көне түркі руникалық жазба ескерткіштер тілінен мысалдар келтіріп, талдауымызды ары қарай жалғастырайық. Мысалы: Тән йеме удусуқым келмез ерті – Түні бойы ұйқым келмеген еді. Бұл сөйлемде йеме – ні демей деп аударуға келмейді. Мұнда йеме сөзінің мағынасы қазақ тіліндегі септеулік шылау бойы сөзімен сәйкес сәйкес келеді немесе көне түркі тілінің заңдылығымен қарастырғанда, «түнде де ұйқым келмеген еді» деп аударуға болады. Көне түркі   ескерткіштер тілінде бойы мағынасын беретін қоды тұлғалы шылау сөзі бар. Бұл бірақ нақты дәлел емес, өйткені қоды сөзі тек су, өзен атауымен тіркесіп ғана қолданылған. Мезгілдік атаулармен (тән,кеш,түс т.б.) тіркесіп келгенін кездестіре алмадық. Сол себептен де йеме шылау сөзі бойы, та/те (да,де),  демей, және сияқты әр түрлі шылаулардың мағынасында көрінеді. Бұл қазіргі қазақ тілімен салыстырып қарағандағы өзгешеліктер емес йеме шылауының Орхон – Енисе ескерткіштер тіліндегі контекстік мағынаға, одан қалды тіркес аралық мағынасына байланысты болып келеді. Яғни аталмыш единица контекстік мағынада бірде септеулік, бірде демеулік шылау қызметінде жүрген. Енді бір сөйлемде жалқаулыққа айналу қасиетін байқатады. Мысалы: Ел йеме будун йеме йоқ ертечі – Ел және халық та жоқ болар еді.

Жалпы йеме сөзі жалқаулықты шылау түріне толық өте қоймағанмен, кейбір контексте жалқаулықты шылау мәнін көрсете алған.Осы орайда, түркітанушы ғалым Н.Гаджиева жалқаулықтардың қалыптасуына байланысты өзіндік бөлу жолдарын көрсетеді:

  1. Постопозитивная частица, присоединяясь к глаголу или к имени

 сохраняет усилительное значение, не имея еще союзного значения ;

  1.  Развивается союзное значение присохранении еще усилительного

значения ;

  1. Союзное значение, приобретая разнообразные оттенки становится

Ведущим [38,б.216]. Н.Гаджиеваның бұл тұжырымы қазіргі жекелеген тілдердегі жалқаулықтардың тарихи даму жолдары мен қалыптасуына байланысты айтылса керек. Көне түркі жазба ескерткіштер тіліндегі йеме тұлғасын осы айтылған тұжырым бойынша қорытындылайтын болсақ, онда «Развивается союзное присохранении еще усилительного значения» деген екінші негізін құптаймыз. Шындығында, йеме жалқаулықты шылаудың бойында айтылған қасиеттердің бары анық. Дегенмен руникалық жазбаларда жалқаулықты шылау септеуліктер мен демеуліктерге қарағанда өте сирек кездеседі.

Сонымен 5-8 ғасыр жазбаларында жалқаулықты шылау мағынасында азу сөзі және енді ғана жалқаулықты шылау қызметінде көріне бастаған йеме сөзі бары анықталды. Жалпы көне түркі руникалық жазба ескерткіштер тіліндегі жалқаулықты шылаулар құрамы мен қолданылуы жағынан қазіргі қазақ тіліндегідей дәрежеде көріне алмайды. Атаушы сөздердің де жалқаулықтарға өту барысы белсенді емес.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Байтұрсынов А.АҚ жол/А.Байтұрсынов.–Алматы:Жалын,1991.-493б.
  2. Саади А.Тіл, әдебиет, язу өм олардың өсулері/А.Саади.- қазан:Татгосизд,1926.-127б.  
  3. Жұбанов А.?., Куманша - қазақша жиілік сөздік / А.?.Жұбанов.,

А.?.,құрышжанов. А.?., А.Б.Белботаев. – Алматы:Қаз.ССР ҒА – Тіл білімі институты,1978. – 277б.

  1. Тронский И.М. Учение о частях речи у Аристотеля/ И.М.Тронский. – Уч.зап.ЛГУ,1941. - 174c.
  2. Мұхтаров С.С. Қазақ тілі біліміндегі сөз таптастыру териясының қалыптасуы/ С.С.Мұхтаров. – Алматы: 1999.- 30б.
  3. Базылхан Б.Алтай түркіндес тілдердің ортақтығы туралы мәселе/Б.Базылхан //Алматы: ӘР ӨМ – ҒА хабарлары, тіл әдебиет сериясы. - 1996.-№2. – 32-35б.
  4.  Оразов М.Қазақ тіл тарихын дәуірлеу мәселесі/М.Оразов // Алматы: ӘР ӨМ – ҒА хабарлары, тіл әдебиет сериясы. - 1996.-№4. – 23-22б.
  5. Нұрмаханова ?.Н.Түркі тілдерінің салыстырмалы  грамматикасы/ ?.Н.Нұрмахнова. – Алматы:Мектеп,1971.-290б.
  6. Карымшакова А.Т.Семантико – грамматические функции частиц в киргизском языке/А.Т. Карымшакова. – Бишкек:Дис.канд.фолол.н. – 1992.- 192с.
  7. Шағаман Ы.Б. Қазіргі қазақ тіліндегі демеулік шылаулардың мағыналық құрамы.Филол.?.канд.дис. авторефераты/Ы.Б.Шағаман.–Алматы:1997.-26б.
  8. Әбілқасымов Б.Дала уәлаяты газет тіліндегі грамматикалық ерекшеліктері/Б.Әбілқасымов. Алматы: ӘР ҒА хабарлары , қоғам қыл.сериясы.1964. - №4.
  9. Омарбеков.С.Ауызекі тілдердің дыбыс жүйесі/С.Омарбеков., Н.Жүнісов.- Алматы:Мектеп,1985.-69б.
  10. Мырзабеков С.Қазақ тілінің фонетикасы/С.Мырзабеков. – Алматы:КазГУ,1993. – 136б.
  11. Аманжолов А.Глагольное управление в языке древнетюрских памятников/А.Аманжолов. – М:Наука,1969. – 104б.
  12. Айдаров Г.Служебные части речи в языке надписей Орхонских памятников. Исследование по тюркологии/Г.Айдаров. – Алматы: Наука

Каз.ССР,1969. – 296б. 

  1. Балақаев М.Б. Қазақ тілі грамматикасының кейбір мәселелері/ М.Б.Балақаев. – Алматы:Қазақ мемлекеттік баспасы, 1941. –32б.
  2. Сағындықұлы Б. Қазақ тілі лексика дамуының этимологиялық негіздері/ Б.Сағындықұлы. – Алматы:Санат,1994.- 172б.
  3. Орысша – қазақша сөздік:Алматы:Инст.языкознсния АН Каз.ССР, 1981.-  2том.585б.
  4. Щербак А.М.Очерки по сравнительной морфологии тюркских языков/А.М.Щербак. – Л:Наука,1987. –104с.
  5. Насилов В. Язык Орхон – Енисейских памятников/В.Насилов. – М:Изд-во  вост.лит.,1960. – 87с.
  6. Шукюров А.Д. К этимологизации первообразных послелогов в тюркских  языках/А.Д.Шукюров. –Алматы:1990.- 249с.
  7. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі.Морфология/А.Ысқақов. – Алматы : Ана тілі, 1991. – 382б.
  8. Шерер В.Э. Классификация кетскиз послелогов/В.Э.Шерер. – Новосибирск:1986. –88с.
  9. Ертаев К.Е. Лингвистический статус послелогов в трудах В.В.Радлова.Автореферат./К.Е.Ертаев.- Алматы: 1992.- 24с.
  10. Теория части речи.Теория и типология –М: Наука,1990. – 268с. Кононов А.Н. Грамматика современного узбекского литературного языка/А.Н. Кононов. – М-Л: Изд – во АН ССР, 1960. – 446с. Рамстедт Г.И.Введение в Алтайское языкознание/Г.И.Рамстедт. – М: Изд – во иност.лит, 1957. – 254с.
  11. Котвич В. Исследование по алтайским языкам/ В.Котвич. - М: Изд – во иност. лит, 1962. – 371с.
  12. Сравнительно – историческое грамматика тюрских языков. М.: Наука, 1988. – 264с.
  13. Базылхан Б. Қазақ және моңғол тілдерінің грамматикасынан салыстырмалы қысқаша белгілер. Улан – Батыр: 1984.№ 1,807– 886с.
  14.  Базылхан Б. Қазақша – моңғолша сөздік.Улан – Батыр:МХР ҒА – Тіл мен әдебиет институты, 1977. – 392б.
  15. Жұбанов ?. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер/?.Жұбанов. – Алматы:Ғылым, 1966. – 362б.
  16. Исаев С.М. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты/ С.М.Исаев. – Алматы:Рауан, 1998. – 52б.
  17. Қалыбаева А.Қазіргі қазақ тілінің морфемалар жүйесі/А.Қалыбаева, Н.Оралбаева. – Алматы: Ғалым, 1986. – 190б.
  18. Шағаманова Ы.Б.Шылаулардың дамуы және зерттелу тарихы.Қазіргі қазақ тілі теориясы мен оны оқыту әдістемесінің мәселелері/Ы.Б.Шағаманова. – Алматы:АГУ, 1995. – 84б.
  19.  Соболевский С.И.Древне – гречский язык/C.И.Соболевский. – М:Изд –во лит. на иност.яз, 1948. – 614с.
  20. Щербак А.М. Очерки по сравнительной морфологии тюркских языков/А.М.Щербак. – Л:Наука, 1987. – 104с.
  21. Кондратьев В.Г. Грамматический строй языка памятников древнетюркской письменности 8-11вв./В.Г.Кондратьев. – Л:Из – во ЛГУ, 1981. – 190с.
  22. Томанов М.Қазақ тілінің тарихи грамматикасы/М.Томанов. – Алматы: Мектеп, 1988. – 264б.
  23. Өміров Р.Қазақ тіліндегі жалқаулықтар/Р.Өміров. – Алматы:Қаз.мет. оқу пед.баспасы, 1959. – 70б.
  24. Иманалиева Г.Қазіргі қазақ тіліндегі шылаулардың синтаксисі/ Г.Иманалиева. – Алматы:1994. – 151б.
  25. Ақманов Е. Қазақ тілінің тарихи синтаксисі/Е.Ақманов. – Алматы: Рауан, 1991. – 238б.
  26. Қордабаев Т. Тарихи синтаксис мәселесі/ Т.Қордабаев. – Алматы: Ғылым, 1964. – 244б.
  27. Кенжебаева Ф.Қазіргі қазақ тіліндегі септеуліктер мен демеуліктер/ Ф.Кенжебаева. – Алматы: 1964. – 200б.
  28. Аманжолов С.Қазақ әдебиеті тілі синтаксисінің қысқаша курсы/С.Аманжолов. – Алматы:Санат, 1994. – 320б.
  29. Молгаждаров ?.К.Шылау сөз табының қалыптасу  тарихы/ ?.К.Молгаждаров. – Көкшетау:2002. – 135б.

ШАРТТЫ ҚЫСҚАРТУЛАР

КТк.                    - Күлтегін кіші жазу ескерткіші

КТӨ.                    - Күлтегін үлкен жазу ескерткіші

Тон.                     - Тонйғұңқ ескерткіші

БҰ                       - Білге қаған ескерткіші

МЧ                      - Мойын Чор ескерткіші

КЧ                       - Күллі Чор ескерткіші

ЫБ                       - Ырық бітік ескерткіші

ТУГ                     - Түркістан уәлаяты газеті

ДУГ                     - Дала уәлаяты газеті

Заказать работу

Тип: Реферат

Категория: Тарих

Дата опубликования: 28.04.2014 04:13

Закрепить проект Выделить проект

ЗАРАБАТЫВАЙТЕ ВМЕСТЕ С НАМИ!


Что нужно для этого сделать:
1. Нужно Войти на сайт
2. Загрузить свои работы на сайт;
3. Установите свою цену (цена должна быть адекватной, иначе врядли кто-то купит);
4. Мы добавляем лишь свою комиссию;
5. Заработанные деньги можно вывести на банковскую карточку.


НАШ САЙТ В СОЦИАЛЬНЫХ СЕТЯХ: