ПОЛУЧИТЕ 10% СКИДКУ!


Вступив в нашу группу в ВКонтакте Вы автоматический получаете 10% скидку на все работы и услуги нашего сайта.

Вступить в группу

ПОЛУЧИТЕ 20% СКИДКУ!


Чтобы получить 20% скидку на все услуги и работы Вам нужно вступить в нашу группу в Вконтакте и рассказать о нашем сайте на вашей странице.

Әлеуметтік қарым-қатынас психологиясы



Жоспар:

1. Әлеуметтік қарым-қатынас психологиясының пәні мен міндеттері.

2. Ортақтасу және оның қызметтері.

     3. Тұлғааралық қарым-қатынас түрлері.

               

Әлеуметтік ортақтасу психологиясы – социология ғылымының бір саласы. Ортақтасу психологиясының  пәні адамдардың қарым-қатынастары болып табылады.  Сондықтан, ортақтасу психологиясы – адамдардың өзара қарым-қатынас заңдылықтарын зеріттейтін ғылым.

Ортақтасу психологиясы қамтитын сұрақтар:

·        Адами қатынас  деген    не?  Оның ерекшеліктері мен механизімдері  қандай?  -Жеке адам белгілі бір топ мүшесі болған сәтте қандай өзгеріске ұшырайды өзін   қалай ұстайды? Неге оның мінезқұлқында өзгерістер  пайда болады?

Ортақтасу психологиясының негізгі бағыт-бағдарлары:

1.“Мен”   -  “Басқа”  жүйесіндегі арақатынас. Ортақтасу барысында пайда болатын тұлға аралық қатынастарды танып білу, адамдардың бірін – бірі  тану мен түсіну механизімін            зеріттеу, олардың ортақ қызыметін ұйымдастыру тәсілін анықтау, бір адамның екінші адамға ықпал етудің жолдары мен мүмкүндіктерін айқындайды.

  1. “Топ”  -  “Мен” жүйесіндегі арақатынас. Әртүрлі әлеуметтік жағдайлардың  адамның мінез-құлқы мен тұлғалық ерекшеліктеріне ықпалын зеріттеу.  Адамның әлеуметтік ұстанымдары, әлеуметтік көзқарастары, топ және қоғам адамның тұлғасын қандай жолдармен  қалыптастырады және өзгертеді?

Әлеуметтену  -  даму барысында әлеуметтік құндылықтарды,  нормаларды әр адамның өз бойына сіңіру үрдісі.

  1. “Мен” – “Топ”. Жеке адамның әлеуметтік жағдайларға, қоршаған ортаға жасаған белсенді ықпалы. Әрбір адам - өз өмірінің, өз әлеуметтік байланыстарының  қожасы, басқа адамдармен қарым-қатынастағы рөлдері мен орындарының жасаушысы ретінде қарастырылады.

Сонымен, ортақтасу психологиясының   негізгі  мәселесі

адами ортақтасудың тұлғааралық және топаралық формаларын танып-білу, ортақтасудың пайда болуы мен қызымет етуін және жеке тұлғаның ортақтасу барысында  әлеуметтік-психологиялық қасиеттерінің қалыптасуын зеріттеу.

Ортақтасу психологиясы адамдар мен топтардың  әлеуметтік мінез – құлықтарының  заңдылықтарын зеріттейтін ғылым. Қарым-қатынас психологиясы – мінез-құлыққа әлеуметтік ықпал етудің тиімді тәсілдері мен технологияларының  жиынтығы.

Ортақтасу  психологиясының маңызы зор. Адам өмірін ортақтасусыз, арақатынассыз, топішіндік  және топаралық қатынассыз  елестетудің өзі қиын.

2. Ортақтасу – қарым-қатынас  психологиясының негізгі ұғымы.

Ортақтасусыз  жеке адамның тұлғалық қалыптасуы үрдісін, жалпы қоғам дамуын түсініп талдауға болмайды. Ортақтасу, Г.М. Андре-еваның  пікірі бойынша, адамдарды біріктіру және дамыту тәсілі.

           

          Субъект – 1                                          Субъект –2

 

Ортақтасу формалары:

Тікелей ортақтасу – табиғи бетпе-бет, сөздік және бейсөздік (ым, қимыл) құралдар көмегімен жасалынатын толық психологиялық контакт, кері байланыс бір мезгілде өтеді. Бұл – адамдардың бір-бірімен қатынас жасау тариқындағы бірінші формасы.

Жанама ортақтасу  - қатысушылардың кері байланыс уақытын ұзартатын , не кешіктіретін жазу және техника құралдары арқылы жасалынатын толықсыз психологиялық контакт. Хат жазу, кітап шығару , радиодан сөйлеу т.с. адами ортақтасуды күрделендіріп жібереді.

Тұлғааралық  ортақтастыру – екі не құрамы өзгермейтін топ ішіндегі таныс адамдардың тікелей контактлары. Тұлғааралық ортақтасудың белгілері: қатысушылардың психологиялық жақындығы , бір-бірінің ерешеліктерін білуі , бірге күйзелуі, өзара түсінушілігі , ортақ қызметтестігі.

Бұқаралық ортақтасу – бейтаныс адамдардың тікелей не жанама (бұқаралық ақпарат құралдары арқылы болатын) контакттары. Мысалы, стадионда, театрда, шеру-бұқаралық тікелей ортақтасу, телемарафон, радиохабар-жанама ортақтасу, вагонда-бұқаралық тікелей не жанама болса, купеде-тұлғааралық .

Персонааралық ортақтасу – ортақ іс-әрекет үрдісінде жеке қасиеттерін ашатын белгілі тұлғалардың психологиялық контакттары (чемпиондар, ғарышкерлер, президенттер).

Рөлдік ортақтасу – белгілі әлеуметтік рөлдерді орындаушылардың пстхологиялық контакттары, мысалы, оқушы- оқытушы, әке-бала, сатушы-алушы, көрші- көрші, дәрігер- ауру, бастық-бағынушы. Әрбір адам әр сәтте әртүрлі рөлдерде орындайды, сол рөлдерге байланысты қоғамда өз орнын табады. Сол рөлдерді  орындағанда адамның өзгешеліктері назарға алынбайды, тек әлеуметтік рөлге қажетті іс-әрекеттері маңызды болып саналады.

Әрине , әлеуметтік рөл  адамның мінез-құлқының егжей-тегжейін анықтамайды. Адам өз рөлін , басқалардың рөлдерін қалай түсінеді? Ол рөлдерге қандай қатынаста болады?  Адамдар өз рөлдерін орындаған сәттерінде қайталанбас өзіндік өрнек пен таңба енгізеді. Ортақтасу барысында адамдар өзі және басқалар үшін өзіндік психологиялық ерешеліктерді ашады, көрсетеді, түсінеді. Адамның психологиялық қасиеттері ортақтасу нәтижесінде пайда болады., дамиды, өзгереді. Басқалармен арақатынас жасағанда адам қоғамдық ережелерді, нұсқаларды, білім мен іс-әрекет тәсілдерін жалпы әлеуметтік тәжірибені өз бойына сіңіреді. Ортақтасу нәтижесінде адам жеке тұлға болып қалыптасады.

Ортақтасу – адамның психалық дамуының және мінезінің алғышарты ,негізі. Сонымен ортақтасу -  адамның психологиялық дамуының факторы:

·        ортақтасу үрдісінде басқалардан өзгешелігі қалыптасады , адам тек қана ортақтасу арқылы нәтижесінде пайда болады.(джунглида өсіп адам болған Маугли –қияли оқиға, ертегі );

·        ортақтасу үрдісінде өзге үшін , өзі үшін адамның психологиялық қасиеттері ашылады(ғашық болған адам өзін-өзі жаңа қырынан танып біледі.)

·        ортақтасу үрдісінде жеке адам жалпыадамдық тәжірибені меңгереді.(орыс философы Чаадаев айтуынша, ортақтасусыз шөпті шайнап жүре беретін едік.)

  1.      Мақсатына қарай қарым-қатынас психологиясы тұлғааралық ортақтасудың үш түрін ажыратады: императив (бұйрық) манипуляция (айла), диалог(қосүн, қоссөз, қостіл).

Императивтік  немесе әміршіл ортақтасу - өз ортақтасу серігінің тәртібі мен іс-әрекетіне бақылау жасау мақсатындағы әсер етудің авторитврлық , директивтік формасы. Ортақтасу партнері тек әсер етудің нысанасы, пассив ретінде қарастырылды. Императивтің ерекшелігі , партнерды бағындыру жөніндегі негізгі мақсатының жасырынбай айқын көрініп тұратындығында. Әсер етудің құралдары ретінде бұйрық , талап, әмір, тиым салу, нұсқау пайдаланылады (Отыр! Тұр! ӘкелІ)  

Сонымен , Әміршіл ортақтасу- басқаны өзіне белгілі қажетті белгілі әрекетке күшпен бағдарлау.

Сонымен қатар мұндай ортақта суды мүлде қолдануға  болмайтын салаларда баршылық. Ең алдымен ортақтасудың  бұл түрін достар және жұбайлар арасында , ата-анамен бала арасында , тәрбие мен педагогика саласында пайдалану ыңғайсыз әрі нәтижесіз. Бұйрық , тиым көмегімен ұстаздармен ата-аналар балаға өз сөзін өткізе алады. Бірақ ол сөздерді бала тек сырттай қабылдап орындайды. Бала өз еркімен қабылдамаған соң оның құлағына құйған үлкендердің ережелері, қағидалары , қоғамдық нормалары санасының тез жойылып кететін мазмұны болмақ. Бұйрық түрінде берілген тілектер баланың ішкі құндылығы бола алмайды.

Манипуляция, алдап –арбау ортақтасуы- жиі кездесетін тұлғааралық ортақтасу – жиі кездесетін тұлғааралық ортақтасу партнері өзінің жасырын ниетіне бағындыруды көздеген іс-әрекет. Өзмақсатына жету үшін манипулятор ортақтасу партнері нысана ретінде қарастырады.

Манипуяциялық ортақтасу – Басқаны өз мақсатын жасырып өзіне қажетті іс-әрекетке баулу.

Императив пен  манипуляцының ұқсастығы екеуінің мақсаты бірдейлігінде: яғни , қатынас серігінің ойы мен бойын билеу , бақылау . Айырмасы: манипуляциялық  стильде шынайы мақсат жарияланбайды, жасырылады не ауыстырылады

Алдап –арбау ортақтасуының қоғамдағы ресми орны –бизнес , сауда-саттық, іскерлік, насихат -, оқыту болып табылады.

Оқыту барысында (тәрбиелеуде емес !) сабақты қызықты өткізу , оқушының назары мен ынтасын көтеру үшін манипуляцияны пайдалануға болады.

Арбаушылық барысында қатынас серігі жеке тұлға ретінде емес, тек манипуляторға керек қасиеттердің иесі ретінде қарастырылады. Мысалы, манипулятор мейірімді адамның мейірімін, әлсіздің әлсіздігін өз мақсатында пайдалануға тырысады. Арбаушы өз арбаушылығының құрбаны болып қалады. Өзін -өзі біртұтас тұлға ретінде емес , кейбір рөлдердің орындаушысы ретінде қабылдап жалған ниеттер мен мақсаттарға бас ұрады. Манипуляторды сипаттайтын қасиеттер: өтірік, зерігу, сезімдердің қарапайымдылығы, өзін де, басқаға да сенбеушілік.

Диалог ортақтасуы.  Бұл –тең құқықтық субьектілердің арақатынасы, ортақтасу мақсаты- өзін-өзі және өзгені тану, білу, дамыту. Жоғарыда аталған арақатынастарын негізгі айырмашылығы –эгоцентризмнен, өзіндік ұстанымнан альтруизмге, өзгеге, басқаға бағытталған ұстанымға көшу . Бұл ортақтасу үрдісінде екі дауыс екі пікір естіледі, бұл субьект-субьект қатынасы.

Диалог ортақтасуының ережелері:

  1. Сұхбаттасушының және өзінің көкейкесті күйін ескеру, «осы жерде-осы сәтте» қағидасын басшылыққа алып арақатынасын жүргізу дәл осы кездегі сезімдерін, тілектерін, психологиялық халдерін назарға алу.
  2. Ортақтасу серігінің тұлғасына баға бермеу, алдын-ала оның ниеттеріне сену, біріне-бірі сенімділік білдіру .
  3. Серікті өзіне тең, өзіндік пікірі мен шешімі бар тұлға деп қабылдау.
  4. Шешілмеген мәселе мен сұрақтар ортақтасу мазмұны болуы керек (ортақтастыру мазмұнын мәселелендіру).
  5. Сұхбат адамының өз атынан жургізілуі керек, біреудің пікіріне сілтемей, өзінің сезімдерімен тілектерін білдіру қажет (персоналандыру).

Диолог ортақтасуы қатысушылардың өзара тусінушілігін тереңдетіп, бірінің жан байлығын бірі көбейтуге, әрқайсысы өз-өзінің ашылуына жағдай жасайды. Осы типтегі ортақтасуды іске асыру үшін қажетті өмірлік шарттар және қатысушылардың ішкі дайындығы керек.

Оқушылармен қалай сөйлесу керек? Олардың сұрақтарына қалай жауап қайтару қажет? 

Біріншіден, шыдамдылықпен сұрақты соңына дейін тыңдау . Көбінесе, адамдар сұрағы анық қой деп, сұхбаттасушыны тоқтата салып жауапқа кіріседі. Сұрақты дұрыс түсінуде кішкентай ғана күмән пайда болса, қайталап анықтап алған жөн болар («Кешір мен онша түсінбей тұрмын», «Мен дұрыс түсінсем...»). Кейінгіге қалдырмай («бұл келесі сабақтың тақырыбы») міндетті түрде шәкіртке жауап беру керек.

Екіншіден, жауап сұрақтан неғұрлым кең болып, қойылған мәселені жаңа қырынан көрсету тиіс. Маңызы бар сұрақ қойып тұрған шәкіртті ренжітпеу үшін асығыс жауап беруге де боламайды.

Үшіншіден, оқушылар кейде сұрақты дәлме-дәл жауап алу үшін ғана қоймайды. Сұрақты өзінің ойлау қабілетін , білім деңгейін көрсету үшін де қояды. Мұғалімнен көмек күткен баланың сенімін ақтап, ашық әңгімеге жағдай жасау қажет.

Ортақтасу - өте күрделі феномен. Оның әртүлігі көптеген функцияларына тәуелді, ал көп қызметтілігі (многофункциональность) жеке адам мен қоғам өміріндегі орны мен мағынасына байланысты.

Ортақтасудың ішкі құрлымы да өте күрделі, оны шартты түрде үш жаққа бөлуге болады.: комуникация , перцепция, интеракция. Біртұтас, ішкі бірлігі бұзылмас процесті біз ғылыми мақсатта, терең және жан-жақты талдау үшін үшке бөлеміз. Естен шығармайтын жайт: тіршілікте ара қатынас- біркелкі, бұзылмайтын процесс.

Коммуникация- арақатынас партнерлерінің бір-бірімен ақпарат алмасуы, білімді, идеяны, пікірді, сезімді беру мен қабылдау үрдісі.

Интеракция- тұлғааралық қимыл ұйымдастыру, қатысушылардың өзара қозғалыс пен әрекет алмасу.

Перцепция- адамдардың бірін-бірі тануы мен тәрбиелеуі негізінде құрылатын белгілі тұлғааралық қатынастар.

Заказать работу

Тип: Реферат

Категория: Психология

Дата опубликования: 09.04.2014 08:09

Закрепить проект Выделить проект

ЗАРАБАТЫВАЙТЕ ВМЕСТЕ С НАМИ!


Что нужно для этого сделать:
1. Нужно Войти на сайт
2. Загрузить свои работы на сайт;
3. Установите свою цену (цена должна быть адекватной, иначе врядли кто-то купит);
4. Мы добавляем лишь свою комиссию;
5. Заработанные деньги можно вывести на банковскую карточку.


НАШ САЙТ В СОЦИАЛЬНЫХ СЕТЯХ: