Студенттік өмір

Wordpress. Вордпрессті қолданып сайт жасау

0 | 04.07.2014 06:10 | Блог / Студенттік өмір

«Сәлем, Әлем!», — деп бүгінгі мақаламды бастағым келеді. Мақаламның тақырыбы қазіргі таңда үлкен сұраққа айналған тақырыптар: Сайтты қалай жасауға болады? Вордпресс жүйесі дегеніміз не? Вордпрессті қалай орнатамын? Сайтты қалай іске қосу қажет?

«Сәлем, Әлем!», — деп бүгінгі мақаламды бастағым келеді. Мақаламның тақырыбы қазіргі таңда үлкен сұраққа айналған тақырыптар:

  • Сайтты қалай жасауға болады?
  • Вордпресс жүйесі дегеніміз не?
  • Вордпрессті қалай орнатамын?
  • Сайтты қалай іске қосу қажет?

Осы сұрақтарға толық жауап беруге тырысамын.
Жиі жиі достарым, таныстарым хабарласып сұрақтарын қойып жатады. Кейбір кезде білмейтін адамдар да электрондық поштама «Кездесейік, Нүреке, сізге қоятын сауалдарым бар еді»  деген хат жазып жібереді. Осы адамдардың барлығының сұрағы бір: «Сайтты қалай және тез жасауға болады?»
Осы сұраққа жауабым: «Менің сайт жасап жүргеніме біраз уақыт болды. Осы уақыт ішінде сайт жасаудың көптеген түрлерімен таныстым. Бірақ солардың ішіндегі ең оңайы және қарапайымы СБЖ(сайтты басқару жүйесі) Вордпресс арқылы сайт жасау болып табылады. Бұл жүйе өте ыңғайлы және кез келген HTML тілін білмейтін адам да сайт жасай алады. Сайт жасаудың бірнеше сатылары бар: Вордпрессті компьютерге жүктеу => Ворпрессті денвер жүйесіне ортану(егер хостингіңіз болса, хостингке орнату) => Сайтты іске қосу. „
Міне достар, Вордпресс арқылы сайт жасау қиын емес. Тек мен жазып кеткен нәрселерді қайталасаңыз жеткілікті. Енді теорияға келетін болсақ...
Вордпресс дегеніміз — PHP тілінде жазылған, мәліметтер базасы MySQL, сайтты ашық түрде өңдеуге болатын сайтты басқару жүйесі.
Хостинг және домен дегеніміз — Хостинг деген интернет желісіндегі үй, ал домен сол үйдің мекен жайы. Үйдің ішінде заттар болса, хостингте файлдар орналасады. Хостинг пен доменді сіз сатып алуыңыз қажет. Бірақ та хостинг пен доменді тегін беретін сайттар да бар. Мысалы: 000webhost.com Сайтты 000webhost.com хостингына орнату туралы толық жазылған:   http://webm.kz/?p=827
Денвер жүйесі — PHP тілін іске қосатын, өзіндік мәліметтер базасы бар жүйе. Осы жүйемен сіз өзіңіздің Вордпресстегі сайтыңызды хостинг пен доменді сатып алмай-ақ өз компьютеріңізде іске қоса аласыз.
Вордпрессті келесі сілтеме арқылы өз компьютеріңізге жүктеңіз: http://ru.wordpress.org/wordpress-3.7.1-ru_RU.zip
Денверді жүктеу сілтемесі: http://www.denwer.ru/dis/Base/latest?from=site
Денверді қалай орнату керек екені туралы видео: 

Вордпрессті денверге орнату: 

Вордпрессті хостингке орнату: 

Осымен мақаламды аяқтағым келеді. Келесі мақаламда оқитындарығыз:

  • Үлгіні(шаблон и тема) вордпресске қалай орнату керек?
  • Плагин дегеніміз не? Плагин не үшін керек?
  • Плагинды сайтқа орнату.

Мақаланың авторы: webm.kz


Студенттің махаббаты

0 | 04.07.2014 05:56 | Блог / Студенттік өмір

О, шіркін, тағы да күз келді. Оқу жыл басталды шамасы. Студент боп жүрген біздерді, Күтеді Алматы қаласы.

О, шіркін, тағы да күз келді. 
Оқу жыл басталды шамасы. 
Студент боп жүрген біздерді, 
Күтеді Алматы қаласы. 

Еншімде қап қойып елес ой, 
Жаз бойы күн санап шаршадым. 
Ой, қойшы, оқуды емес қой, 
Өзіңді көрсем деп аңсадым! 

Сен менің сырымды білмейсің, 
Сондықтан жүрегің сезбес түк. 
… О, ғажап, алдымнан Күндей шын, 
Сен шықтың, 
Біз міне кездестік. 

Сәлемнен басталып сөз басы, 
Әңгіме сабаққа ауысты. 
Деп жүрек: 
«Бір сезім қозғашы» 
Сәт санап шыдамды тауысты. 

Бос уақыт өтсе де бөлек боп, 
Әйтеуір сабақта біргеміз. 
Мен соған ризамын ерек көп, 
Кездесіп жүрміз ғой күнде біз. 

Бір сезім бар болып демімде, 
Мен бүгін іздедім анық шын. 
Сағынта түсейін дедің бе? 
Сабаққа сен келмей қалыпсың. 

Себебі бар екен бұл істің, 
Кездесіп отырсың өзгемен. 
Ал мені көрмеуге тырыстың, 
Бір сұмдық боларын сезген ем. 

Үзілді сенімнің үміті, 
Көрдім ғой бұл шындық, анықты. 
Үшінші курстың жігіті, 
Беліңнен құшақтап алыпты. 

… Мен үшін атады әлі-ақ таң, 
Періштем боп қалшы жаны ізгі. 
Сен үшін әлдебір сабақтан, 
Махаббат мың есе маңызды.


Студент әзілдері

0 | 04.07.2014 05:44 | Блог / Студенттік өмір

1. Абитуриент — «Бiз де бала болғанбыз» 2. Ауылшаруашылық жұмыстары — «Қан мен тер»

1. Абитуриент — «Бiз де бала болғанбыз»

2. Ауылшаруашылық жұмыстары — «Қан мен тер»

3. Бақылау жұмысы — «100 теңгең болғанша, 100 досың болсын»

4. Диплом қорғау — «Соңғы көш»

5. Диплом алу тойы — «Қош бол Гүлсары»

6. Диплом — «Алтын сақа»

7. Дискотека — «Мөлдiр махаббат»

8. Емтихан — «Тар жол тайғақ кешу»

9. Емтихан — «Қатерлi өткел»

10. Емтиханнан құлаған студентке кеңес: «Қайта кiрер есiгiңдi қатты жаппа»

11. Жатақхана — «Алтын орда»

12. Каникул — «Ақиқат пен аңыз»

13. Курстық жұмыс – «Тас төбедегi айқас»

14. Қабылдау емтиханы — «Аласапыран»

15. Оқу корпусы — «Ақ боз үй»

16. Практика күндерi — «Жекпе-жек»

17. 4-курс — «Аққан жұлдыз»

18. Сынақ — «Мылтықсыз майдан»

19. Староста — «Күлтай болыс»

20. Стипендия — «Алтын құс»

21. Студенттiк өмiр — «Махаббат қызық мол жылдар»

22. Стипендия — «Ұзаққа бармаған қуаныш»

23. Семинар — «Бұғумен өткен өмiр»

24. Семинар — «Елең-алаң»

25. Сессия — «Жанталас»

26. Сынақ — «Қылкөпiр»

27. Шпаргалка — «Отырардан келген сый» 
Осымен әзілдеріміз аяқталды. 


Студенттік өмірден сыр

0 | 01.07.2014 09:20 | Блог / Студенттік өмір

Қайсар-ау, Хал-жайымды білсең еді, Білмеймін қайтерімді… Кім сенеді? Асқазаным шұрылдап қоя берді, «Бегемоттан» көргенде күлшелерді.

Досқа хат (Мұқағалидің ізімен)
Қайсар-ау, 
Хал-жайымды білсең еді, 
Білмеймін қайтерімді… 
Кім сенеді? 
Асқазаным шұрылдап қоя берді,
«Бегемоттан» көргенде күлшелерді. 
Бардым-дағы қалшидым қарсы қарап, 
Қарызға оқталдым боп нан сұрамақ. 
Сұқтанған жат көздерден жасқандым да, 
Тайып тұрдым. 
Қашанғы әл шыдамақ. 
Қарызға сұрамадым,үндемедім 
Ақшам да бола бермес күнде менің.
… Мен деген – ақшасы жоқ студентпін, 
Керегім бола қойсын кімге менің?! 
О, шіркін! 
Сайран күндер. 
Қайран нандар! 
Құшағын дастарқанға жайған нандар.
Қарын ашып келгенде нан бермейтін
Қатыгез адамдарға айналмаңдар.
Сол нандар ғой — қарынның аңсағаны, 
Соны ойлап асқазан тамсанады. 
Қара нан, қара судан қағылмаңдар
Нан бар жерде жүрегім ән салады. 
Нансыз өмір аштыққа айналмай ма, 
Өзегіңе аш пен дерт байланбай ма. 
Нанға арнап айтшы бір повесть жазсын
Қайсар-ау! 
Арман кайда? 
Арман қайда? 
Арманға айт, 
Халықты бір таңдандырсын, 
Арландырсын жүректі, жандандырсын! 
Арттағы інілер де айта жүрер, 
Мәңгілік өлмейтұғын сөз қалдырсын!

Ақпарат көзі: massaget.kz


БІЗДІҢ САЙТ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ: