ЗАРАБАТЫВАЙТЕ ВМЕСТЕ С НАМИ!


Что нужно для этого сделать:
1. Нужно Войти на сайт
2. Загрузить свои работы на сайт;
3. Установите свою цену (цена должна быть адекватной, иначе врядли кто-то купит);
4. Мы добавляем лишь свою комиссию;
5. Заработанные деньги можно вывести на банковскую карточку.

Жаңалық жаршысы – Әл Фараби радиосы

 
Жаңалық жаршысы – Әл Фараби радиосы

Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті радиостудиясының хабарларын тындайтын аудитория көлемі күннен-күнге ұлғая түсуде. Алғашқыда оқу-тәжірибелік лаборатория болып қана жұмыс істеген радио бүгінде дербес студия дәрежесіне көтеріліп отыр. Радиодағы шығармашылық топ алдын-ала жазылып қойылатын хабарлармен бірге тікелей эфирге шығуды да меңгерді. Радиостудияның «Жас радиозерттеуші» деп аталатын үйірмесі негізінде шығармашылық топ құрылған болатын. Үйірменің белсенді мүшелері болып жүрген  3-курс студенттері Қарашаш Есенбай, Ақсәуле Әбітай, 1-курс студенттері Берікбол Төлеген, Айтбек Тұрсынбаев, Мархабат Ілияс, Салтанат Шырынхан, Еламан Төлепберген ,Хожантаева Айгүл т.б. шәкірттер университеттегі іс-шараларды,оқу орны көлеміндегі жаңалықтарды жария ете отырып ,елдегі студент жастар өміріне қатысты мәселелермен де таныстырады. Сабақ арасындағы үлкен үзілісте жүргізілетін тікелей эфирдің табиғатын меңгерген студенттер тәжірибелі радиожурналистер сияқты аудиториямен еркін сөйлесуге, тыңдарман назарын игеруге машықтанған. Студияның саунд-дизайнері Бақыт Әмірбек – шығармашылық топқа техникалық жағынан көмек көрсетіп отыратын бірден-бір жауапты адам. Әр хабардың музыкалық көркемделуі, әнмен әрленуі,техникалық безендірілуі  өте маңызды шара.

Әл Фараби радиосы университеттің торқалы 80 жылдық тойына тарту ретінде он төрт факультет жайында хабар әзірлеу үстінде. Қазірдің өзінде биологиялық  факультет, заң факультеті, механико-математикалық  сияқты бірнеше факультеттер эфирден орын алды. Әр факультеттің алды университетпен құрдас, яғни олардың  80 жылғы жетістіктерін жария ету студияның маңызды шарасы болмақ. Ректорат шешімдері, факультеттерде болып жатқан іс-шаралар, оқыту процесіндегі инновациялық өзгерістер радиостудия назарынан тыс қалмайды. Көптеген белсенді тұлғалар сөз алып, өз жетістіктері туралы әңгімеледі. Мысалы,«әл Фараби» радиосының тікелей эфиріне журналистика факультетінің деканы, филология ғылымдарының докторы, профессор Өмірхан Әбдиманұлы, философия факультетінің  деканы, профессор Ермекбаева Баян Жүндібайқызы,биология факультеті деканының оқу ісі жөніндегі орынбасары,биология ғыл.канд. Әділ Ережепұлы,  география және табиғатты пайдалану  факультеті деканының оқу және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  Жұмаліпов Айдар Рахметұлы т.б.    факультеттің  жай-күйі туралы  және алда тұрған келелі міндеттер туралы әңгімеледі. Әңгіме тәжірибе алмасу мақсатында өткізілді.Тарих ғылымдарының докторы , профессор Қуаныш Қаражан шақырылып, қазақ тілінің қоғамдағы қазіргі жағдайы жөнінде әңгімелеп,студенттер сұрақтарына жауап берді.

Сонымен қатар жастар ұйымыжөніндегі маман Ләйла Ахметова студенттердің өзін өзі басқаруы жөнінде және ұйымның  алдында тұрған келелі міндеттер жөнінде мәлімдесе,университеттің Студенттер кеңесінің  төрайымы  Сәуле Аязбаева университет жатақханаларының жай-күйі туралы  және кеңестің  алдында тұрған келелі міндеттер жөнінде, ал, студенттер сенатының  төрағасы  Нұрлан Әбдіқадыров сенаттың жай-күйі туралы  және студенттердің өзін өзі басқаруы жөнінде әңгімеледі.

Радионың   тікелей эфиріне шетелдік қонақтар да шақырылып тұрады. Мысалы, Техасс университетінің Ph.D, қатерлі ісік мәселелерін зерттеуші Дос Сарбасов   сұқбатқа шақырылып, жастардың денсаулығы жөнінде әңгімеледі. Гонконг журналистика департаментінің лекторы  C.K.Coxмырза сұқбатқа шақырылып,  оқу процесі жөнінде тәжірибе алмасты. Әңгіме деректі сюжеттер түсірудің шеберлігі жайында болды, журналистік шеберлікті  қалыптастыруға мол мағлұматтар берілді. Ал, АҚШ-тан келген профессор Хелен М.Фаллер сұқбатқа шақырылып,  қазақстандық мәдениет, салт-дәстүр жөнінде тәжірибе алмасты.

Алда әлі де талай жоспарлар бар. Жатахана тұрғындарына хабар тарату да көзделуде. Тек қана жаңалықтар емес, тәрбиелік мәні бар хабарлар беріліп, әдеби шығармалар да ұсынылмақшы.

Шетелдік студенттік радиолар тәжірибесінен үйреніп қайту үшін іс сапарға жас радиожурналистерді алып бару,тіпті университет қана емес, қалалық  әл Фараби радиосының деңгейіне көтерілу сияқты армандарымыз да бар. Әрине, оған демеушілер көмегі қажет.Ең бастысы- шағын студия студенттердің тәжірибе мектебі болып отыр.

Клара Қабылғазина,

филол.ғыл.кандидаты, баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының ассоциир профессоры, әл Фараби радиосының жетекшісі

НАШ САЙТ В СОЦИАЛЬНЫХ СЕТЯХ: