Алматы марафонына тіркелу аяқталады

 

[09.04.2014 09:51]

10 сәуір күні сағат 00.00-де Алматы марафонына қатысушыларды тіркеу аяқталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі жалпықалалық қайырымдылық шарасын ұйымдастырушыларға сілтеме жасап. 

 Бұл уақытта Аlmaty-marathon.kz сайтындағы "Тіркеу" бөлімі жұмысын тоқтатса, сол күні сағат 20.00-де оффлайн тіркеу аяқталады. Марафонның өзі 20 сәуірде сағат 06.00 мен 15.00 аралығында өтеді. Оған 10 мыңнан астам адам қатысады деген болжам жасалды. Ниет білдіргендердің арасында Ұлыбритания, Швеция, Түркия, Литва және басқа да елдердің азаматтары бар. Марафонның экиден сайысына корпоративтік командалар қатыса алады. Ұйымдастырушылар жарысқа қатысқысы келетіндерге асығуды ескертеді, өйткені MyLaps компаниясының мамандары марафон күні әрбір сайыскердің мейлінше дәл хронометриясын ұсыну үшін сайтқа тіркелгендердің жеке мәліметтерін алдын ала талдауы тиіс. Мұндай тәжірибе барлық халықаралық жарыстарда қолданылады.

Айта кетейік, 20 наурызда Mega Alma-Ata сауда-ойын-сауық орталығында марафонға қатысушыларды тіркейтін орын ашылған болатын. Бұл жерге келіп өтініш берген адам мәре нөмірі мен қажетті жадынамаларға ие болады. Жадынамада марафонға қатысатын адамға арналған пайдалы кеңестер мен таңдалған қашықтықтың бағыттары жазылған. Мәре нөмірін алу үшін жеке куәліктің көшірмесі, алғашқы жарна және өз денсаулығына қатысты жауапкершілікті мойнына толық алатыны туралы қолхат талап етіледі. Тіркеу тұрағында еріктілер өтініш білдірушілерге көмектесіп, тиісті кеңестер береді. Тұрақ сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін ашық болады. Марафоннан түскен қаржы қатерлі ісікке шалдыққан балаларды емдеуге және онкологтарға қажетті жабдықтар алуға жұмсалатынын еске саламыз.

 

БІЗБЕН БІРГЕ АҚША ТАП!


Ол үшін не істеу қажет:
1. Сайтқа кіру қажет;
2. Сайтқа өз жұмысыңызды жүктеуіңіз қажет;
3. Жұмыстың бағасын қою қажет(бағасын тым жоғары қоймаңыз, сатылмауы мүмкін);
4. Біз тек өз коммисиамызды қосамыз;
5. Тапқан ақшаңызды банк карточкасына шығарып алсаңыз болады.

БІЗДІҢ САЙТ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ: