Жерлесіміз әлем кубогін жеңіп алды

 

[04.04.2014 02:06]

3 сәуір. Самбо күресінен Мәскеу қаласында өткен әлем кубогінде жерлесіміз Бейімбет Қанжанов жеңімпаз атанды, деп хабарлады 24.kz тілшісі.

 Самбо күресінің негізін салған Анатолий Харлампиевті еске алуға арналған жарысқа әлемнің 29 елінен 300-ден астам палуан белдескен байрақты бәсекеде отандасымыз 4 кездесу өткізді. Әуелі Ресей палуанын 7:1 есебімен ұтса, екінші кездесуде Әзірбайжан спортшысының жауырынын жерге тигізді. Үшінші кездесуде де Ресейлік палуанды 12:0 есебімен ойсырата жеңді. Ал ақтық сында жерлесіміз оралдық Болатбек Райымқұловпен белдесіп, 1:0 есебімен басым түсті. Алда Венесуэла мен Болгария елдерінде супер кубок және әлем чемпионаты өтпек. Бейімбет Қанжановтың ендігі мақсаты – сол додаларда топ жарып, ел абыройын асқақтату.


Бейімбет Қанжанов, самбодан әлем кубогінің жеңімпазы:
- Алда әлем чемпионаты бар, ол қазан айында өтеді. Қазір мен әлем рейтінгісінде бірінші орында тұрмын, құдай қаласа сол дәрежемді сақтап қалуға бар күш-жігерімді саламын. Жаттықтырушылар мен жанкүйерлердің үмітін ақтауға барынша тырысамын.

 

Ақпарат көзі: BAQ.KZ

ЗАРАБАТЫВАЙТЕ ВМЕСТЕ С НАМИ!


Что нужно для этого сделать:
1. Нужно Войти на сайт
2. Загрузить свои работы на сайт;
3. Установите свою цену (цена должна быть адекватной, иначе врядли кто-то купит);
4. Мы добавляем лишь свою комиссию;
5. Заработанные деньги можно вывести на банковскую карточку.

НАШ САЙТ В СОЦИАЛЬНЫХ СЕТЯХ: