Авторы Сообщение

nurik

#1/23.10.2017 11:43

Администраторы

Университетте емтихан өтіп жатыр. Бір студент профессордың сұрақтарының ешқайсына дұрыс жауап қайтара алмайды.
— Жарайды, соңғы сұрақ: Американы кім ашты?
— Білмедім…
— Колумб! Колумб! – деп айғай салады шыдамы таусылған профессор.
Студент орнынан ақырын ғана тұрады да есікке қарай беттейді.
— Қайда кеттің?!
— Келесіні шақырып тұр емессіз бе?


Профессор:
— Аты-жөніңіз кім?
— Алпысбаев! — дейді студент мәз болып.
— Неменеге мәз болып түрсыз?
— Сіздің бірінші сұрағыңызға дұрыс жауап бергеніме!


Профессор:
— Су сақтайтын ыдысты не деп атайды?
Студент:
— Презервуар.
Профессор:
— Дұрыс, тек «п» әрпін алып таста.
Студент:
— Резерватив!


Музыкалық колледждің жас студенті қыздар жатақханасына келеді. Кіреберісте отыратын вахтер тәтеге:
— Апай, маған 258-ші бөлмедегі Жазираны шақырып бере аласыз ба? – деп өтінеді.
— Жоқ, кетіп қалған.
— Ендеше 365-тегі Мейрамгүлді шақырып беріңізші!
— Ол да жоқ.
— Онда 215-тегі Шынаргүлді шақыра салыңызшы!
— Ол қайсы?
— Орта бойлы, сары қыз.
— Жоқ, ол да кетіп қалған.
— Мәссаған, енді не істесем екен?
— Балеттің қыздары түгел гастрольге кетіп қалған, хордың қыздарына бар!


Жатақхана дәлізінде түн ішінде екі студент қыз жолығып қалады.
— Туһ! Зәремді ұшырдың ғой!
— Өз түріңді жөндеп ал!


Университетте ағылшын тілінен сабақ өтіп жатыр. Аудиторияға екі студент кіреді. Ұстаз:
— Sit down!
Бірінші студент екіншіден сыбырлап:
— Не дейді? – деп сұрайды.
— «Отырыңдар малғұндар» дейді…
Сұрақтар/Жауаптар: 8

БІЗДІҢ САЙТ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ: