Warning: count(): Parameter must be an array or an object that implements Countable in /var/www/megaref.kz/public/modules/polls/inc/polls.functions.php on line 246
Автор | Сообщение |
|
#1/23.10.2017 11:43 |
|
Университетте емтихан өтіп жатыр. Бір студент профессордың сұрақтарының ешқайсына дұрыс жауап қайтара алмайды.
— Жарайды, соңғы сұрақ: Американы кім ашты? — Білмедім… — Колумб! Колумб! – деп айғай салады шыдамы таусылған профессор. Студент орнынан ақырын ғана тұрады да есікке қарай беттейді. — Қайда кеттің?! — Келесіні шақырып тұр емессіз бе? Профессор: — Аты-жөніңіз кім? — Алпысбаев! — дейді студент мәз болып. — Неменеге мәз болып түрсыз? — Сіздің бірінші сұрағыңызға дұрыс жауап бергеніме! Профессор: — Су сақтайтын ыдысты не деп атайды? Студент: — Презервуар. Профессор: — Дұрыс, тек «п» әрпін алып таста. Студент: — Резерватив! Музыкалық колледждің жас студенті қыздар жатақханасына келеді. Кіреберісте отыратын вахтер тәтеге: — Апай, маған 258-ші бөлмедегі Жазираны шақырып бере аласыз ба? – деп өтінеді. — Жоқ, кетіп қалған. — Ендеше 365-тегі Мейрамгүлді шақырып беріңізші! — Ол да жоқ. — Онда 215-тегі Шынаргүлді шақыра салыңызшы! — Ол қайсы? — Орта бойлы, сары қыз. — Жоқ, ол да кетіп қалған. — Мәссаған, енді не істесем екен? — Балеттің қыздары түгел гастрольге кетіп қалған, хордың қыздарына бар! Жатақхана дәлізінде түн ішінде екі студент қыз жолығып қалады. — Туһ! Зәремді ұшырдың ғой! — Өз түріңді жөндеп ал! Университетте ағылшын тілінен сабақ өтіп жатыр. Аудиторияға екі студент кіреді. Ұстаз: — Sit down! Бірінші студент екіншіден сыбырлап: — Не дейді? – деп сұрайды. — «Отырыңдар малғұндар» дейді… |
Сообщения: 8 |
НАШ САЙТ В СОЦИАЛЬНЫХ СЕТЯХ: