10% ЖЕҢіЛДІК АЛУ!


Біздің Вконтакте группамызға қосылсаңыз, сіз автоматты түрде барлық қызметтер мен жұмыстарға 10% жеңілдікке қол жеткізесіз.

Группаға қосылу

20% ЖЕҢіЛДІК АЛУ!


Барлық қызметтер мен жұмыстарға 20% жеңілдік алу үшін, біздің Вконтакте группамызға қосылу қажет және достарыңмен біздің сайтпен бөлісуің қажет.

Сатылады

Ұлттық ойындар



Мазмұны

Кіріспе 8

1 Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуде қазақ ұлттық ойындарының ғылыми теориялық негіздері 12
   1.1 Ұлттық ойындарды зерттеуге үлес қосқан шетелдік және отандық ғалымдар 12
   1.2 Мектеп жасына дейінгі балаларды ұлттық ойындар арқылы патриоттыққа тәрбиелеудің ерекшеліктері 18
   1.3 Мектеп жасына дейінгі балаларды патриоттыққа тәрбиелеу процесінде ұлттық ойындардың тиімділігі 25

2  Ұлттық ойындар тәрбие құралы ретінде 32
   2.1 Ересекер тобында балаларды патриоттыққа тәрбиелеуде ұлттық ойындардың орны және олардың топтастырылуы 32
   2.2 Ересектер тобындағы балаларды патриоттыққа тәрбиелеуде ұлттық ойындарының ерекшелігі мәселесі бойынша жүргізілген педагогикалық эксперимент нәтижелері 54

Қорытынды 61
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 65
Қосымша(лар) 6

 

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі. Егемендікке қолы жеткен қазақ елі өміріндегі әлеуметтік, экономикалық өзгерістер уақыт талабына сай қабілетті, жан-жақты жетілген парасатты адамдар тәрбиелеп өсіруді көздеп отыр.
Тәлім–тәрбие берудің бастауы – мектепке дейінгі тәрбиенің мазмұнын түбегейлі жаңарту, еліміздің ертеңін баянды ету бағытында болу ұлттық сана, ұлттық психология қалыптасқан қоғамның ертеңгі иегерлерін тәрбиелеп өсіру - отбасының, балабақшаның міндеті.
Ұрпақ тәрбиесі – қай заманның, қай қоғамның болмасын маңызды мәселесі болып келгендігі дәлелдеуді қажет етпейді. Қазіргі бүлдіршіндер болашақтағы еліміздің тіректері, болашақ өкілдері болып табылады.
Патриоттық тәрбие мәселесі - адамзат тарихының өнебойында ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлы мақсат. Бүгінде адамзат өркениеттің өзгеше биігіне көтерілген, үшінші мыңжылдыққа қадам басқан кезеңінде қазақстандық патриотизм, азаматтық парыз, ар тазалығы жас мемлекетіміз үшін рухани асыл мұрат қалпында қала бермек.
Мұны дұрыс шешу – болашақ ұрпақтың ұлттық санасын тәрбиелеп, рухани мәдениетті жетілдірумен бірге қаралады. Ал, рухани мәдени байлықтың байырғы саласының бірі - ұлттық ойындар. Халықтың әдеп-ғұрыпын, салт–дәстүрін, әдеп–дағдыларын жас ұрпақтың бойына ойын арқылы дарытып, көңіліне қондыра білу өмірі қажетінен туып отыр. Өйткені баланы нәресте шағынан бастап адалдыққа, батылдыққа, елін, жерін, тілін сүйетін отаншылдыққа, адамгершілікке, мейірімділікке, патриоизмге тәрбиелеудің құралы – ойын.
Оның тәрбие, тәлім тәрбие мақсатына пайдаланудың тиімді жолдарын қарастыра түсу бүгінгі күннің кезек күттірмейтін міндетіне айналғанын мойындауға тиіспіз.
Қазақстанның тұңғыш президенті Н.Н. Назарбаев «Қазақстанның болашағы – қоғамның идеялық бірлігінде», - деп аталатын еңбегінде: «Елдің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуді, Заңды Үкіметті құрметтеуге тәрбиелеуден бастау керек. Әрбір адам бала кезінен: Қазақстан - Менің Отаным, оның мен үшін жауапты екені сияқты, мен де ол үшін жауаптымын, деген қарапайым ойды бойына сіңіріп өсетіндей істегені жөн», - деп көрсетті. Әрине өнегелі тәлім–тәрбиені бойға сіңіру - өмір заңы, ата–ана борышы, тәлімгер–тәрбиешінің парызы. Өйткені ел болашағы тәрбие ісіне тәуелді [1].
Дүниеге келген әрбір перзенттің өмірі, келешегі тәрбие ісіне байланысты, одан сыртқары болуы мүмкін емес. Нәресте, сәби шақтағы тәрбие ойыннан басталады. Сондықтан ұлттық ойындар – халықтық тәрбиенің бастауы, ол мәңгі жас әрбір сәби бастан кешіретін кезең деп саналады. Ойынның атадан балаға мирас болып, үнемі қайталанып, әрбір ұрпақпен бірге жасап, тоқтаусыз, толасыз жүріп отыратын мұра.
Қазақстанның «Білім туралы» заңында: «Жеке адамның рухани және күш - қуат мүмкіндіктерін ашу, адамгершілікпен салауатты салтының берік негізін қалыптастыру; Жеке адамның шығармашылық және эстетикалық тәрбие беруді дамыту; Қазақ халқының мәдениеті мен дәстүр–салтын оқып-үйрену үшін жағдайлар жасау», - деп атап көрсетілген. Демек, жаңа ұрпақты жаңаша жан-жақты етіп тәрбиелеуді жетілдіру міндеті қойылып отыр. Яғни рухани бай, ары таза, ой еңбегіне бой еңбегі сай, сегіз қырлы бір сырлы азаматтарды тәрбиелеуді талап етуде [2].
Жан–жақты үйлесімді дамыған азамат тәрбиелеудің негізі балабақшада: яғни, халықтық тәрбиемен ұштастыру негізінде қаланады.
Халықтық тәрбие, ол ұлттың ұлт болып қалыптасумен бірге туып, бірге дамып келе жатқан көне тарихи жүйеге жатады. Ондай тәрбие жүйесі халықтық педагогикасымен тығыз жүргізілуі тиіс. Халықтық педагогиканы: «ұлттар мен ұлыстардың әлденеше ғасырларға созылған ұрпақ тәрбиесіндегі ұлттық салт-дәстүрлері мәдени ойлау жүйесінің озық үлгілерінің жиынтығы» деп түсінеміз.
Қазақ халқының бай этнографиялық мұрасын зерттеп жинаған және оның ішінде ұлт ойынының тәрбиелік маңызы туралы пікір айтқандар П.Карпини, К.А.Покровский, А.И.Ивановский, Н.И.Гумбольт, Е.А Алекторов, А.Янушевский, А. Диваев, А. Левшин, Н. Пантусов, С.Гросс, Б. Зеленский, Т.Антксон, Т.А. Плеханов, І.Есенберлин, Ғ.Мүсірепов, С.Мұқанов, Ш.Уалиханов т.б. болды [3].
Ұлттық ойындардың тарихын, олардың бала тәрбиесіндегі алатын орнын, қолдану жолдарын осы уақытқа дейін көптеген ғалымдар, педагогтар, тарихшылар ұлттық тәрбие, ұлттық ойындарды дамыту, қолдану жайлы сан қырлы ғылыми жұмыстар, монографиялар мақалалар, диссертациялар жазған. Олардың ішінде әсіресе, Ә.Диваев, Қ.Б. Жарықбаев, С.Қ. Қалиев, С.А Ұзақбаева, Р.К. Төлеубекова, М.Т. Тәнекева, Б. Төтенаев, Ә Бүркітбаев, т.б. Н.Құлжанова, Х.Досмұхамедов халықтық тәрбиенің бала тәрбиесіндегі орнын әр қырынан ашып көрсетті.
Ұлттық ойындарды жіктеп, топтастыруда көптеген ғалымдар өз пікірлерін, ойларын ізденістері арқылы дәлелдеген. Этнограф М.Гуннер, Т.Бекбатчаев, Е.Сағындықов, Т.Қуанышов, Б. Төтенаев, А.А. Диваев, Ж. Төлегенов, М. Танекеев [3,12].
Ұлттық ойын әрекетінің бала психикасының дамуына шешуші қызмет атқаратындығын ұлы ғұламалар Ж.Аймауытов, Т.Тәжібаев, М.Жұмабаев, С.Торайғыров өз еңбектерінде айтып, оларға ғылыми тұрғыда баға берген [4].
Ғылыми-педагогикалық зерттеу жұмыстары барысында, әрбір зерттеуші ғылым Ыбырай мен Абай тағылымдарына соқпай кете алмайтыны шындық. Бұл ғылыми үрдіс кейінгі жылдары дәстүрге айналып барады.
Ұлы ағартушы, қаһарман-қайраткер Ы.Алтынсариннің педагогикалық мұраларынсыз-қазақ этнопедагогикасының қалыптасу кезеңдерін елестету мүмкін емес. Ыбырай тағылымы жөнінде професор С.Қалиев өз еңбегінде былай деп жазды: «..Ы.Алтынсариннің педагогикалық көзқарасынан да бүкіләлемдік тәлім-тәрбиенің алтын діңгегі гуманистік көзқарас, яғни шәкіртке жылы жүректі болу, мұғалім мен оқушы арасындағы ынтымақтастық принциптерінің көрініс тапқанын байқаймыз. Ы.Алтынсариннің демократиялық-ағартушылық бағыты оның педагогикалық көзқарасының үш бірдей саласынан көрініс тапты.
Біріншіден, бүкіл өмір жолын мектеп ашуға, қазақ балаларын оқуға тартуға, дүние ғылымдарын үйретуге және соған оқу құралдарын жазып шығаруға арнаса, екіншіден, өнегелі ұстаз-тәлімгер даярлауға, оларға күнделікті ғылыми-әдістемелік басшылық жасауға көңіл бөлді.
Үшіншіден, шығармаларында қазақ халқының ХІХ ғасырдағы қоғамдық өмірде болған саяси-әлуметтік мәселелерді жан-жақты қамтып жазуға жұмсады.
ХХ ғасырдағы әлемдегі өркениетке-ұлы Абай мұралары филасофиалық ойлар мен танымдық-тағылымдық ғибраттар қазынасына басқа қырынан көрсетті. Қазақтың ұлттық таным мен тағлым тарихнамасын Абайға дейінгі кезең және Абайдың кейінгі кезең деп атауымызға болады.
Абайдың данышпандық дәстүрлерінің философиялық, тіл ғылымы, әдебиеттану, мәдениеттану, этномузыка, этика және басқа ұлттық дүниетанымымыздың ерекшелігін айқындайтын ауқымды зерде жүйесімен байланысты екені және оның ғылыми зерттеу жұмыстарына арқау болып отырғаны шындық. Абайдың рухани, даналық мұрасы терең мағыналы философиялық идеяларға толы: ол күллі Шығыста философияның негізі мәні болып табылатын (жетілген адамды) өзекті және басты проблема етіп қарастырып, соған айрықша көңіл бөледі, адамгершілік туралы ілімдіт дамыта отырып, адамды адамгершілік, кісілік тұрғысынан жетілдіру прициптерін ашып, ұлттық эстетика мәселелерін алға тартады, адамның шексіз танымдық мүмкіндіктерін байқап, надандықпен күресін бағалап, білім мен ғылымның әлуеттік өміріндегі рөлін анықтап, адамтануды жүйелі қарастырады.
Сонымен, халқымыздың атадан балаға өшпес мұра болып келе жатқан рухани, алтын қазыналарымыздың бірі - ұлттық ойындарымыз. Олардың мазмұны еліміздің өткен тарихын, әр кезеңдегі даму жолдарын, айналысқан кәсібін, қазақ халқына тән әдет–ғұрыптар мен салт–дәстүрлерді молынан ќамтиды.
Ойындар балаға тек қимыл-қозғалыс ләззатын ғана сыйлап қоймай, оның ой - өрісін, санасын, мінез–құлқын қалыптастыруға да тиімді әсер ететіндіктен мектепке дейінгі тәрбие мекемелерінде қазақтың ұлттық ойындарын нысаналы, орынды пайдалану ісінің атқарар міндеті өте жауапты. Сол себепті де бүгінгі таңда ұлт ойындарын балабақшаларда қолдану тиімділігімен ерекшеленіп отыр [5].
Зерттеу мақсаты: Ересектер тобында балаларды ұлттық ойындар арқылы патриотыққа тәрбиелеу ерекшеліктерін анықтау
Зерттеу нысаны: Ересек топ балаларын тәрбиелеуде қазақ ұлттық ойындарының ерекшеліктері
Зерттеу пәні: Балаларды тәрбиелеуде қазақ ұлттық ойындарының мазмұны
Зерттеу болжамы: Егер, мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуде қазақ ұлттық ойындарының тиімділігі анықталса, онда имандылығы, ізгілігі, іскерлігі жоғары, дені сау, ой еңбегі мен дене еңбегіне бірдей қабілетті, ақылы күшіне сай ұрпақ қалыптасып, жетілер еді.
Зерттеудің міндеттері:
- ересектер тобындағы балаларды ұлттық ойындар арқылы патриоттыққа тәрбиелеу мәселесін теориялық тұрғыдан негіздеп ашу;
- ересектер тобындағы балаларды ұлттық ойындар арқылы патриоттыққа тәрбиелеудің тиімділігін ашып көрсету;
- ұлттық ойындардың ересектер тобындағы балаларды патриоттыққа тәрбиелеудегі орны және олардың топтастырылуын негіздеу;
- ересек топ баларын патриоттыққа тәрбиелеуде ұлттық ойындарының ерекшелігі мәселесі бойынша педагогикалық эксперимент жүргізу.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері: Отандық және шетелдік ағартушы педагогтардың ұлттық ойындардың бала тәрбиесіне ықпалы жайлы ғылыми қағидалары, мектеп жасына дейінгі балалардың ұлттық ойындарына қатысты ізгілікті философиялық тұжырымдар, оның тәрбиелік мәні жайлы ғалымдардың ой-пікірлері мен ережелері, ҚР «Білім туралы» Заңы, жолдау.
Практикалық база: Қарағанды облысы, Сәтпаев қаласындағы №12 «Гүлдер» балабақшасы
Дипломдық жұмыс құрылымы: Диплом кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1 Н.Н. Назарбаев, Қазақстанның болашағы – қоғамның идеялық бірлігінде // Егемен Қазақстан – 2008, 25-қаңтар, №45
1 2 Қазақстан Республикасындағы білім туралы заңнама. Заң актілерінің жиынтығы.- Алматы, 2006. - 8 б.
3 Төленова Ұ.Т. Балабақшадағы аралас топ балаларын ұлттық ойындар арқылы адамгершілікке тәрбиелеу: Пед. ғылымд. канд... дис. авторефераты: 13.00.01 / Төленова.Ұ.Т.- Атырау, 2002.- 25 б.
4 Қазақтың ұлттық мәдениетiн қалыптастырудағы құндылықтар / Н. Б. Игiсiнова, К. Ахметжанова // ҚазҰУ Хабаршысы. Тарих сериясы=Вестник КазНУ. Серия историческая.- 2005.- N2(37).- 112- 117 б.
5 Төленова Ұ.Т. Ойын – тәрбие құралы // Бастауыш мектеп, 2000,- №10 34-35 б.
6 Асарбаева А.Қ. Қазақтың ұлттық ойындарының дамуы // Валеология. Дене тәрбиесі. Спорт. 2002.- № 9 41-42 б.
7 Сағындықов Е. С. / Қазақтың ұлттық ойындары. — Алматы: «Рауан», 1991.—176 б.
8 Анучин В.Н. Александр фон Гумбольдт, как путешественник и географ, и, в особенности, как исследователь Азии. М., 1915. 225 с.
9 А.Янушкевич «Дневник и письма из путешествия по казахстанским степям» атты еңбегінде қазақ халқының қыстаудан жайлауға көшіп келіп қонған күнгі өмірлерін … – Алматы, 1979. – 262 б.
10 Дүкенбаева Г.Х., Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу. Алматы: Рауан, 1992.- 85 б.
11 Базарбек Төтенаев, Қазақтың ұлттық ойындары, Алматы: Қайнар, 1994.- 95б.
12 Байтуков М., Қазақтың ұлттық ойындары // Мектептегі дене шынықтыру, 2006.- №3, 206 б.
13 Асарбаев А. Ұлттық ойындар тәрбие бастауы // Қазақстан мектебі, 2002.- №1-2 57-59 – б.
14 Әл–Фараби. Әлеуметтік–этикалық трактаты. – Алматы, 1975.- 94 б.
15 Жүсіп Баласұғын. Құтты білік. - Алматы, 1986.- 605 б.
16 К.Д. Айткалиева. Ұлттық ойындар мен әдет–ғұрыптарға қойылған қазақ билерінің тәрбиелі мәні // Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршы, 2005.- № 589-91- б.
17 Кешімбаев С., Ұлттық ойындар // Сарбаз, 2008, №11, 21-наурыз, 10 б.
18 Қабақаева А., Бала ойынмен өседі // Білім кілті, 2008, №9, 21-22 б.
19 Мұстафаев Е., Есіркепов Ж. Ұлттық ойындарының тәрбиелік мәні // Ұлт тағлымы, 2004.- №1.- 52-56 б.
20 Нұрланов Б.Е. Ұлттық ойындарының тәрбиелік мәні // КарГУ. Философия және мәдениет, Қарағанды. -2004. 217-219 б.
21 Тіленбаева М., Абдуллаева У., Ұлттық ойындар арқылы еңбекке тәрбиелеу // Бастауыш мектеп, - 2005, №5, 28-29 б.
22 Оңалбек Ж.К., Садуова Ж.Н., Ұлттық ойынның бала сана–сезімін қалыптастырудағы орны // Білім – Образование, 2004.- №3 111-115 б.
23 Андосова А.Н., Қазақ мәдениетіндегі ұлттық ойындардың ерекшелігі // Бастауыш мектеп, 2008, №9-10, 23-24 б.
24 Ағлақова Э., Ойын – балаларды тәрбиелеу және дамыту құралы // Отбасы және балабақша, 2008, №1, 11-13 б.
25 Қыпшақбаева Г., Баланың мінезі мен қабілетін дамытуда ұлттық ойындардың алатын орны // Сынып жетекшісі, 2008.- №3, 35-36 б.
26 Абдуллаев Ы., Ұлттық ойын // Мектептегі дене шынықтыру, - 2006.- №2, 6-7 б.
27 Асарбаев А., Ұлттық ойындар – оқушылар тәрбиесінің негізгі құралы // Мектептегі дене шынықтыру, 2008.- №4, 13-16 бет
28 Е. Сағындықов. Ұлттық ойындарды оқу–тәрбие ісінде пайдалану.- Алматы: Рауан, 1993.- 87 б.
29 Дүсіпова Қ. Қазақ тілі сабақтарында ұлттық ойындарды пайдалану // Ізденіс. 2001- №6.- 182-184 б.
30 Меңдалиев Б. Мектеп жасына дейінгі балалардың денесін қимыл – қозғалысқа түсіруде дене тәрбиесінің маңызы // Ұлт тағлымы - 2002. №3 39-44 б.
31 Мұхтар Әуезов энциклопедиясы – Алматы:Атамұра баспасы, 2011.- 125 б.
32 Байдаулетова М.Д. Ұлттық ойындардың зерттелуі // ҚазҰУ хабаршысы – тарих сериясы, 2008.- №1, 260-264 б.
33 «Ақ сандық, көк сандық» Құраст. Ш.Ибраев.А., 1988.- 161 б.
34 Ақбаев Б.Ш., Ұлттық және эстафеталық ойындар // Мектептегі дене шынықтыру, 2006.- №3, 3-8 б.
35 Дүйсенова А., Ұлттық ойындар туралы түсінік беру // Жанұя мен мектептегі тәрбие, 2008.- №6, 21-23 б.
36 Хамитов Қ., Ұлттық ойындар - жеңіл атлетика сабақтарында // Қазақ мектебі, 2000.- №1, 66-67 б.
37 Кенжалин Д., Асық – ұлттық байлық // Sport & KS – 2006.- 4 шілде, 53-54 б.
38 Кенжалин Д., Асық – ұлттық өнеріміз // Егемен қазақстан, 2007.- 31-наурыз, №81
39 Мамиев Н., Жайлаубаев Қ. Тоғызқұмалақ ойыны // Валеология. Дене спорт. 2002.- №3 45-46 б.
40 Дәуренбеков Ж., Тоғызқұмалақ // Мектептегі дене шынықтыру, 2009.- №1, 21-22 б.
41 Асарбаев А. Ұлттық ойындарды оқу–тәрбие жүйесінде пайдаланудың методологиялық негіздері // Валеология. Дене. Спорт.- 2002 .- № 3- 38-40- б.
42 Тастанов Ә.Ж., Ұлттық қимыл-қозғалыс ойындарын дене тәрбиесі жүйсінде қолданудың маңызы // Хабаршы Абай атындағы АлМУ: Бастауыш мектеп және дене, 2004.- №1, 36-41 б.
43 Жолынбетов Ө., Қазақ халқының ұлттық ойындары // Мектептегі дене шынықтыру, 2009.- №1, 23-27 б.
44 Қордабаева А., Қазақ тілі сабақтарында ұлттық ойын түрлерін пайдалану // Қазақстан мектептеріндегі шетел тілдері, - 2006.- №1, 41-44 бет
45 Төстікбаева С., Ой дамытатын ұлттық ойын // Eur Asia: Ана тілі газетіне қосымша, 2000.- №10 (мамыр)
46 Айдарова С., Ұлттық ойындардың тәрбиелік мәні (ересектер тобы) // Отбасы және балабақша, 2006.-№5, 23-26 б. 47 Жолмергенқызы Н., Ұлттық ойындардан ұлттық нақыш байқалса // Жас алаш, 2002.- 1 – тамыз(№91)
48 Тілеуов Э., Ұлттық ойындардың тәрбиелік мәні // Валеология. Дене тәрбиесі. Спорт, 2002.- №3, 41 б.
49 Төлтаева Г. Ұлттық ойындарды пайдалану // Бастауыш мектеп, 2002.- 24-28 б.
50 Балбөбек» бағдарламасы / М. Сәтімбекова жетекшілік еткен авторлар ұжымы.-Алматы: Шартарап, - 2000.

Сатып алу жолдары


QIWI терминалы арқылы сатып алу (Қалай сатып алам? Фото):
1 Оплата услуг
2 Электронные деньги
3 Выберите «QIWI кошелек»
4 Введите номер телефона: +7 (747) 464-83-23
5 Обязательно проверьте правильность номера
6 Внесите оплату 2000 тг.
7 Сохраните чек

Жіберген соң, megareferat@mail.ru поштасына: Өзіңіздің поштаңызды, ақшаның төленген уақытын және қажет жұмыстың толық атын жазып жіберіңіз. Жұмысты поштаңызға жібереміз.

Біз ешкімді алдамаймыз! Егер қосымша сұрақтар болса, +7 (747) 464-83-23 номеріне WhatsApp арқылы хабарласыңыз!


ЯНДЕКС.ДЕНЬГИ арқылы сатып алу:

Жұмыстың бағасы: 2000 тг.
Мына счетті толтырыңыз: 41001878260157

Жіберген соң, megareferat@mail.ru поштасына немесе +7 (747) 464-83-23 нөміріне:
Өзіңіздің поштаңызды және қажет жұмыстың толық атын жазып жіберіңіз. Жұмысты поштаңызға жібереміз.

Біз ешкімді алдамаймыз! Егер қосымша сұрақтар болса, +7 (747) 464-83-23 номеріне хабарласыңыз!


Сатып алу Тапсырыс беру

Бағасы: 2000 тг.

Тип: Диплом

Санаты: Тәрбие

Жарияланған уақыты: 11.03.2016 13:09

Мақаланы бекіту Мақаланы ерекшелеу

БІЗБЕН БІРГЕ АҚША ТАП!


Ол үшін не істеу қажет:
1. Сайтқа кіру қажет;
2. Сайтқа өз жұмысыңызды жүктеуіңіз қажет;
3. Жұмыстың бағасын қою қажет(бағасын тым жоғары қоймаңыз, сатылмауы мүмкін);
4. Біз тек өз коммисиамызды қосамыз;
5. Тапқан ақшаңызды банк карточкасына шығарып алсаңыз болады.


БІЗДІҢ САЙТ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ: