ПОЛУЧИТЕ 10% СКИДКУ!


Вступив в нашу группу в ВКонтакте Вы автоматический получаете 10% скидку на все работы и услуги нашего сайта.

Вступить в группу

ПОЛУЧИТЕ 20% СКИДКУ!


Чтобы получить 20% скидку на все услуги и работы Вам нужно вступить в нашу группу в Вконтакте и рассказать о нашем сайте на вашей странице.

Платный

Балалардың басты іс-әрекеті - ойын



МАЗМҰНЫ
Кіріспе.......................................................................................................................3
І Тарау.  Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын іс-әрекетінің теориялық негіздері
1.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың ойынының  зерттелуі.......................... 7
1.2  Ойынның педагогикалық тәрбиелік мәні.....................................................11
ІІ Тарау.  Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын іс-әрекетінің әдістемесі
2.1 Ойын арқылы балалардың оқуға қызығушылығын арттыру......................14
2.2 Тәжірибелік – эксперименттік зерттеу  жұмыстарының нәтижесі............ 20
Қорытынды ...........................................................................................................27
Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................................28
    

 

КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Ойын – бала қызығушылығына негізделген оқыту тәсілдерінің бірі. Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын баласы екенін ескере келе, дидактикалық ойындардың жүйелі қолданылуы жақсы нәтиже береді. Дидактикалық ойындарды пайдалану мселесі педагогикалық теорияда кеңінен қарастырылған. Атап айтсақ, Ахметов С., Алдабергенов А., Ахметов Н.К., Хайдаров Ж.С., Кларин М.В., Қайырбекова А., Төлтаева Г., Әбселемова А., Әбішова А. т.б. ғалымдар дидактикалық ойындардың маңызын, түрлерін қолдану жолдарын көрсеткен[1]. Педагогикалық процесте ойын балалар іс-әрекетінің басқа да түрлерімен, бәрінен бұрын еңбекпен, оқу үстіндегі оқытумен өзара тығыз байланыста болады.
Қоғамның болашақ азаматын өсіру үшін отбасы, қоғамдық орындар, қоршаған ортаның тигізер ықпалы ұшан-теңіз. «Үлкендер өсіп келе жатқан балдырғанға адамгершілік сезімдерін дер шағында дарыта беру үшін оны қоршаған ортасында көңілді, қуанышты жайларды жасай білуі шарт»-дейді Е.А.Аркин[2]. Ойын мектеп жасына дейінгі балалардың ең басты іс-әрекеті болып табылады. Атап айтқанда ойын арқылы балалар өмірді таниды, ойын оларды үлкен өмірге дайындайды. Сонымен қатар баланың шығармашылық дамуында маңызы өте зор. Ойын мәнін балалық шақтан есейген шаққа өтетін көпір ретінде сипаттауға болады. Сонымен қатар мектепке дейінгі балалардың іс-әрекетінің дамуы үшін, тәрбиелеу үшін де ойынның мәні өте зор.
Сапалы ұрпақты өсіру әсіресе, педагогика ғылымының дамуына ерекше көңіл аударуды талап етеді. Педагогиканы дамыту арқылы өскелең ұрпақты өз дәрежесіне әлем елдеріне таныту бұл біздің әрбір азаматтың міндеті. Психолого-педагогикалық қызметте негізгі әрекет түрі баланың логикалық психикалық дамуы болып табылады. Мұнда баланы тәрбиелеу процесіндегі шығармашылық дамыту ойын іс-әрекетімен тығыз байланыста болуы тиіс. Тәжірибеде нақты әрекет баланың жеке психикалық және белгілі әлеуметтік-педагогикалық кеңістіктегі дамуына сүйенеді.
В.А.Сухомолинскийдің сөзімен айтар болсақ, «Ойынсыз ақыл ойдың қалыпты дамуы да жоқ.» және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе icпетті, ол арқылы баланың рухани ceзімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз-ұшқын, білімге құмарлық пен іліктеудің маздап жанар оты.
¥лы педагог А.С. Макаренко ойынға үлкен мән бере отырып, өзі басқарған мекемелерінде ойынды тәрбиеленушілер өміріне міндетті түрде енгізіп отырады. Ойын баланың өмipiн қызыққа, қуанышқа бөлеуін камтамасыз eту үшін ол балалардың ойынға деген сүйіспеншілігі мен қызығушылығын тәрбиелейді- деп қарастырады[3].
Ойынды зерттеу мәселесімен педагогтар мен психологтар ғана емес, философтар, тарихшылар, этнографтар т.б әcipece өнер қайраткерлері түрлі саладағы ғалымдар ерекше шұғылданған. Біздің қарастырып отырғанымыз-танымдық ойындар. Танымдық ойындардың түрлері көп. Мысалы, сөз жүмбақ, сөз тізбек, крассворд, викторина, психологиялық жаттығулар, логикалық есептер, тренинг, тест, т.б Танымдық ойындар жас ерекшеліктеріне қарай күрделене түседі. Адам бойындағы қызығушылығын, қабілеттерін арттыруға, білімін шыңдауда танымдық ойындардың алар орны ерекше.Адамның танымы биіктеген сайын, дүниеге көзқарасы да кеңейе түседі.
Адамзаттың көптеген жылдар бойғы ойнау тәжірибесі ойынның білімдік құндылығын дәлелдеді. Ойынның шығу сырын ғалымдар жүздеген жылдар бойы зерттеп келеді. Оның шығу тарихы жайлы көптеген пікірлер бар.
Көп тұжырымдардың бірі бойынша ойын қоғамның діни, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы кезіндегі бос уақыт пен демалысты өткізу мәселесінен туындаған. Ерте заманда ойын қоғамдық өмірдің бір бөлігі болып, оған діни-саяси маңыз берілген. Ерте гректер ойынды Құдайлар қолдаған десе, Қытайда мерекелік ойындарды император ашып, өзі де қатысқан.
Кеңес өкіметі кезінде халық мәдениетінің ойын салт-дәстүрлерінің дамуы мен сақталуы қала сыртындағы жаздық лагерьлерді ұйымдастыру тәжірибесінен басталды.
Әлем педагогикасында ойын - белгіленген ережелері бар, бір мақсатқа жету үшін ойыншылар арасындағы сайыс пен жарыс ретінде қарастырылады.Ойын ең алдымен қарым-қатынас жасау, үйрету, өмірлік тәжірибені жинақтау жолындағы әлеуметтік мәдени феномен болып табылады.
Ойынның қиыншылығы оның түрлерінің көптігінен, қатысушылар санынан, ойын өткізу алгоритмінен туындап отыр. Ойын әрекеті сәби кездегі қарапайым сылдырмақтардан басталып, бірте-бірте күрделену арқасында фантастикалық шындық деңгейіндегі видео-компьютерлік ойындарға айналады. Ойынның табиғилығы сонша, ол оқу элементінің таптырмас бөлігі. Ойын үрдісі кезінде сыныптағы топтардың әлеуметтік рөлі және ойын тәртібі игеріледі. Ойын мақсаттарына жету жолында ұжымның бірлескен іс-әрекетінің дағдысы, оқушылардың жеке мінез-құлқы қалыптасады. Ақыл-ойды дамыту ойындарынан бастап бизнеске, мәдениетке, қоғамтануға және басқарудың барлық салаларына сәйкес мамандар даярлауға қатысты бағдарламаларды меңгеруге көмектеседі.
Ойыншылар, мұғалімдер қосымша материалдар, оқулықтар, көрнекі құралдар, компьютерлік технологияларды енгізе отырып, мәдени салт-дәстүрді жинақтайды.
Ойын теориясы мен практикасын отандық және шетелдік педагогтар, психологтар, социологтар зерттеуде.
Ойын өмірде пайдасыз көрінгенмен аса қажетті көрініс-құбылыс.
Сабақта тиімді қолданылған ойын элементтері – мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың аса зор ілтипатпен тыңдап, жемісті, сапалы меңгеруіне сенімді көмекші бола алады. Өйткені, кіші жастағы оқушылар жас ерекшеліктеріне байланысты ойынға өте ынталы келеді. Балалар тез сергіп, тапсырмаларды тез әрі қызығып орындайтын болады.
Ойын балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін, қызығушылығын арттырудағы басты құрал. Ойын барысында балалардың белсенділігі, шығармашылығы артады.
Ойын проблемасымен шұғылданған көрнекі ғалымдар Р.М. Жуковская, Д.В. Менджерицкая, Т.А. Маркова, Н.Я. Михайленколардың айтуынша балалар игерген білімдерін ойынға пайдалана білу керек. Ал мұғалімнің міндеті - балаларды ойынға өз қызығушылығымен, ынтасымен қатысуын қамтамасыз ету[4].
Зерттеу нысанасы: ересек топ балаларын оқу және тәрбиелу үрдісі.
Зерттеу пәні: мектеп жасына дейінгі балалардың ойын тәрбиесін беру ерекшеліктерін қалыптастыру.
Зерттеу мақсаты:
Ойын іс-әрекетінің мектеп жасына дейінгі балаларға педагогикалық әсерінің ерекшеліктерін, оның ішінде қиял процессінің дамуына әсерін зерттеу.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, мектепке дейінгі ұйымдарда балаларды ойын процесі арқылы оқуға тәрбиелесе, оның мазмұны теориялық-әдістемелік тұрғыдан негізделіп, іс жүзінде тәжірибеге енсе, онда мектеп жасына дейінгі балалардың ойын арқылы білім беру ерекшеліктері қалыптасады.
Зерттеу міндеттері:
1. Ойынның педагогикалық-тәрбиелік мәні жан-жақты ашу.
2. Ойын іс-әрекетінің баланың психологиялық дамуына әсерін көрсету.
3.Ойын іс-әрекетінің баланың қиялын дамытуда алатын рөлін айқындау.
Зерттеудің жетекші идеясы: Ойын арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың білімге деген қызығушылығын оятса теориялық-әдістемелік тұрғыдан негізделуі балалардың жалпы адамзаттық, адамгершілік құндылықтарын қалыптастырды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы және теориялық маңыздылығы:
- теориялық-әдістемелік әдебиеттерді талдау негізінде мектепке дейінгі ұйымдарда балаларды ойын арқылы тәрбиелеудің мүмкіндіктері, ерекшеліктері айқындалды;
- мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы білімге деген деңгейлерінің өлшемдері мен көрсеткіштері айқындалды.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Аймауытов Ж. Психология.- Алматы, 1995.
2. Алдамұратов Ә. Қызықты психология.- Алматы, “Қазақ университеті”, 1992.
3. Алдамұратов Ә. Жалпы психология.- Алматы, “Білім” 1996.
4. Әбдірахманов А.,Жарықбаев Қ. Психологиялық орысша- қазақша сөздік.- Алматы, “Мектеп”, 1976.
5. Елеусізова С. Қарым- қатынас психологиясы.- Алматы, 1995.
6. Жарықбаев Қ., Озғанбаев О. Жантануға кіріспе.- Алматы, 2000.
7. Жарықбаев Қ. Жүсіпбек Аймауытұлының психологиялық көзқарастары.- Алматы, 2000.
8. Жарықбаев Қ.Қазақ психологиясының тарихы.- Алматы, 1996.
9. Мұқанов М. Ақыл- ой өрісі.- Алматы, 1980.
10. Тәжібаев Т. Жалпы психология.- 2000.
11. Ақжанова, А.Т.
Қазіргі психология тарихының дамуы, жағдайы, беталысы [Мәтін] / А.Т. Ақжанова.- Алматы: НҰР-ПРЕСС, 2011.- 126б.
12. Арнайы педагогика және психология негіздері [Мәтін]: Типтік оқу бағдарламасы. Жоғарғы кәсіптік білім. 5В012300 - "Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану" мамандығы үшін = Основы специальной педагогики и психологии.- Алматы, 2010.- 10б. .
13. Атыманова, К.Ж.
Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың коммуникативтік біліктерін қалыптастырудың педагогикалық шарттары [Мәтін]: П.ғ.к.... автореф.- Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы, этнопедагогика: 13.00.01 / Каргаш Жолжаксиновна Атыманова; Ғыл.жет. П.ғ.д. Игібаева А.Қ.- Алматы, 2010.- 26б.
14. Ауренова, М.Д.
Балалар үйінде тәрбиеленуші жеткіншектердің қарым-қатынасындағы ерекшеліктер [Мәтін]: П.ғ.к.... автореф. педагогикалық психология: 19.00.07 / Мадина Даулеткановна Ауренова; Ғыл.жет. Х.Т.Шерьязданова.- Алматы, 2010.- 20б.
15. Возрастная и педагогическая психология // Под. ред. А.В. Петровского. М., 1986
16.Возрастная и педагогическая психология // Под. ред. М.В. Гамезо, М.В. Матюхиной, Т.С. Михальник. М. 1984
17.Возрастная психология // Под. ред. Л.Ф. Обуховой. М., 1996
18.Детская психология // Под. ред. Л.Л. Коломинского, Е.Н. Панько, Минск, 1988

Виды оплаты


Купить с помощью терминала QIWI (Как купить? Фото отчет):
1 Оплата услуг
2 Электронные деньги
3 Выберите «QIWI кошелек»
4 Введите номер телефона: +7 (747) 464-83-23
5 Обязательно проверьте правильность номера
6 Внесите оплату 1000 тг.
7 Сохраните чек

После покупки, напишите письмо на почту megareferat@mail.ru с текстом: ФИО, Ваш Email адрес, время оплаты и название нужной работы.
Мы обьязательно отправим работу на Вашу почту.

Мы никого не обманываем! Если возникли вопросы, пишите на WhatsApp номер +7 (747) 464-83-23!


ЯНДЕКС.ДЕНЬГИ арқылы сатып алу:

Жұмыстың бағасы: 1000 тг.
Мына счетті толтырыңыз: 41001878260157

Жіберген соң, megareferat@mail.ru поштасына немесе +7 (747) 464-83-23 нөміріне:
Өзіңіздің поштаңызды және қажет жұмыстың толық атын жазып жіберіңіз. Жұмысты поштаңызға жібереміз.

Біз ешкімді алдамаймыз! Егер қосымша сұрақтар болса, +7 (747) 464-83-23 номеріне хабарласыңыз!


Купить Заказать работу

Цена: 1000 тг.

Тип: Курсовой

Категория: Психология

Дата опубликования: 01.06.2014 12:02

Закрепить проект Выделить проект

ЗАРАБАТЫВАЙТЕ ВМЕСТЕ С НАМИ!


Что нужно для этого сделать:
1. Нужно Войти на сайт
2. Загрузить свои работы на сайт;
3. Установите свою цену (цена должна быть адекватной, иначе врядли кто-то купит);
4. Мы добавляем лишь свою комиссию;
5. Заработанные деньги можно вывести на банковскую карточку.


НАШ САЙТ В СОЦИАЛЬНЫХ СЕТЯХ: