10% ЖЕҢіЛДІК АЛУ!


Біздің Вконтакте группамызға қосылсаңыз, сіз автоматты түрде барлық қызметтер мен жұмыстарға 10% жеңілдікке қол жеткізесіз.

Группаға қосылу

20% ЖЕҢіЛДІК АЛУ!


Барлық қызметтер мен жұмыстарға 20% жеңілдік алу үшін, біздің Вконтакте группамызға қосылу қажет және достарыңмен біздің сайтпен бөлісуің қажет.

Автомобильдің қысқаша тарихы



Мазмұны:

1 Автомобильдің қысқаша тарихы

2 Автомобильдің технологиялық даму хронологиясы

3 Автомобильдердің жалпы құрылысы

4 Қозғалтқыш

5 Трансмиссия

6 Жүріс бөлігі

7 Басқару жүйесі

8 Электр жабдықтар

9 Қосымша құрылғылар

10 Автомобильдердің өндіріс көлемі

11 Пайдаланған әдебиет

12 Тағы қараңыз

Адам баласы ежелгі кезеңдерден бері қысқа мерзімде ұзақ қашықтықтарға жету, өз жұмысын жеңілдетумен қатар өнімділігін арттыру үшін ізденістерде болып келеді. Әуелгі кезде жануарлар қолданылып, кейінірек жолаушы және жүк тасымалдау үшін механикалық құрылғылар жасала бастады. Біздің дәуірімізде ең көп тараған көлік түрі автомобиль болып табылады.
Автомобиль сөзінің мағынасы өздігінен қозғалатын, жолаушыларды және жүкті, сондай-ақ өз қозғалтқышын тасымалдауға арналған дөңгелекті көлік түрі болып табылады. Автомобильдің тек бір өнертапқыш тарапынан тек бір күнде ойлап шығарылмағаны бізге белгілі. Автомобиль тарихы бүкіл дүние жүзінде болған эволюцияны қамтиды. Қазіргі автомобильді жүз мыңнан астам патенттер жасап шығарғаны жорамалданады. Дегенмен бірінші болып келгендерді атап өтуге болады. Солардың ішінде алғашқы рет қозғалтқышты көліктің теориялық есептеулерін суреттеген Леонардо да Винчи мен Исаак Ньютоннан бастасақ болады.
Өздігінен қозғалатын көлік түрлерін жасап шығару талаптары XVII ғ. басталғаны белгілі. 1769 ж. Францияда әскери инженер Никола Кюньо тарапынан бумен жұмыс істейтін қозғалтқышы бар үш дөңгелекті арба жасалды. Осы 2 а.к. қуаты бар бу машинасымен 3 т. жүкті 2-4 км/сағ жылдамдығында тасымалдауға болатын еді. Бірақ керекті бу қысымын қамтамасыз ету үшін жүріс кезінде жиі аялдамалар жасау қажеттігі бұл көліктің негізгі кемшілігі болып кең таралмағанына себеп болды.
Дегенмен алғашқы жасап шығарылған автомобиль құрылысы жағынан қазіргі автомобильдерге ұқсас болғандығынан неміс инженерлері Готлиб Даймлер мен Карл Бенц тарапынан жеке-жеке жасалған автомобильдер болып табылады. Осыны 1876 жылы Алманияда Николаус-Август Отто-ның жасаған іштен жанатын төрт тактілі айналыммен жұмыс істейтін қозғалтқыш құрылысы мүмкін қылған.
XIX ғ. соңы – XX ғ. басында электр және бу қозғалтқышты автомобильдер бензинді автомобильдермен жетістікті түрде бақтас болғанын айтып өтуге болады. Бірақ іштен жанатын қозғалтқыштардың артықшылықтары электр және бу автомобильдерінің шығарылуын минимумға дейін шектеді.

Пайдаланған әдебиет
1. ↑ Орысша-қазақша түсіндірме жалпы сөздік: Көлік / профессор Е. Арын — Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006.
2. ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі:Экология және табиғат қорғау/ Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдаламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5
3. ↑ Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Физика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д,, профессор Е. Арын – Павлодар: С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2006. ISBN 9965-808-88-0

Тапсырыс беру

Тип: Реферат

Санаты: Химия

Жарияланған уақыты: 03.02.2015 09:53

Мақаланы бекіту Мақаланы ерекшелеу

БІЗБЕН БІРГЕ АҚША ТАП!


Ол үшін не істеу қажет:
1. Сайтқа кіру қажет;
2. Сайтқа өз жұмысыңызды жүктеуіңіз қажет;
3. Жұмыстың бағасын қою қажет(бағасын тым жоғары қоймаңыз, сатылмауы мүмкін);
4. Біз тек өз коммисиамызды қосамыз;
5. Тапқан ақшаңызды банк карточкасына шығарып алсаңыз болады.


БІЗДІҢ САЙТ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ: