ПОЛУЧИТЕ 10% СКИДКУ!


Вступив в нашу группу в ВКонтакте Вы автоматический получаете 10% скидку на все работы и услуги нашего сайта.

Вступить в группу

ПОЛУЧИТЕ 20% СКИДКУ!


Чтобы получить 20% скидку на все услуги и работы Вам нужно вступить в нашу группу в Вконтакте и рассказать о нашем сайте на вашей странице.

Болат



 Болат (араб. jїҒ– — фолад) — темірдің көміртекпен (2%-ке дейін) және басқа элементтермен қорытпасы. Ол деформалануға төзімді (созылмалық қасиеті бар). Болат — қара металлургия өндірісінің негізгі өнімі және қазіргі машина жасау өнеркәсібі мен құрылыста пайдаланылатын негізгі материал. Болат өндірісінің көлемі мемлекеттің техника-экономика деңгейін сипаттайды. Хим. құрамына қарай көміртекті және легирленген Болат болып бөлінеді. Көміртекті Болаттың құрамында темір мен көміртектен басқа марганец (1%-ке дейін) және кремний (0,4%-ке дейін), сондай-ақ, зиянды қоспалар — күкірт, фосфор, т.б. элементтер болады. Болаттың сапасын жақсарту үшін қорытпа құрамына хром, никель, молибден, ванадий, вольфрам, марганец, кремний, т.б. элементтер қосылады. Мұндай қорытпа легирленген Болат деп аталады.                                                                                                                                                                                                      

Болат қорыту өндірісі, Қарағанды металлургия комбинатының болат табак прокаттау цехтарын металмен қамтамасыз етеді. Мартен және конвертер цехтары бар. Мартен цехы алғашқы балқыманы 1964 жылы 10 қаңтарда берді (1970 жылға дейін Қарағанды металлургия зауытының мартен цехы). Цехта 2 пеш бар, әрқайсысының шегіңдісі 650 т. №1 домна пештерінде қорытылған шойыннан және металл сынықтарынан болат балқытылады, олардың арақатынасы тиісінше 65% және 85%. Коспалары: әктас, боксит, әк. Негізгі өнімі — прокат алу үшін болат құймалар. Пештердін барлық элементгері магнезитті, хромды магнезитті және шамотты отқа тәзімді заттармен беттелген. Отынды жағу үшін қажетті ауа регенеттерде 1000-1200 С градусқа дейін қыздырылады. Балқыма өнімі арнаулы ленталы ойық арқылы сыйымдылығы 320 т. болат құйғыш шөмішке құйылады. Шығару барысында тотықсызданып, шындалады. Факел мен ваннада болат балқуын тездету үшін техн. жағынан таза өттегі пайдаланылады; басты күмбездері мен болат құйғыш шөміштерін факелдік төркреттеу еңгізілді, ол беттерінің төзімділігін 15-20% арттыруға мүмкіндік береді; металл емес коспалардын үлесін кеміту, болат химиялық инертті газбен өнделеді. Конвертер цехы 1970 жылы 18 сәуірде пайдалануға берілді. Конвертерлердің бастапқы сыйымдылығы 250 т болды. Қайта жабдықталғаннан кейін конвертердің жобалық шөгіндісі 300 т-ға дейін жегкізілді (іс жүзінде - 350 т). Цехта З конвертер бар, олардың 2-уі жұмыс істеп, 1-уі резервте тұрады. Цехтың өнімділігі қорытылған шойын жағдайында жылына 6 млн т., фосфорлы турінде 4,27 млн т (1984). 1975 жылдан бастап Лисаковск кенішінің коңыр теміртастарын өңдеуге байланысты құрамында 0,9 - 1,4% фосфор бар шойынды қорыту жүзеге асырылуда. Бұл рудадан болат балқыту 2 сатыда жүзеге асырылады: 1-саты құрамында кемінде 0,2%, 2-сатыда кемінде 0,02 - 0,03% фосфор болғанға дейін. Балқытудың жалпы ұзақтығы 65 мин. Конвертерлерді шайырлы магнезиттік әдіспен қалау 400-ге жуық балқытуға төтеп береді. Цехта шихталау және көнвертерлік балқыту үшін электронды-есептеу машинасы (8М - 6000) пайдаланылады; шөміштегі сұйық болат аргонмен немесе азотпен үрленеді; болат салмағы 13 - 23 т болат кесек болып шеберлік әдіспен құйылады; шөміштегі болатты шындайтын кондырғы, қалдық конвертерлік газды ішінара жағу арқылы оны беру және тазарту жүйесі қолданылады. Ауыр жүк көтеретін КамАЗ автомобильдері үшін аса берік лонжеронды болат балқыту, ақ каңылтыр алу үшін жұмсақ қайнап тұрған болат балқыту технологиясы игерілді. 1984 ж. КСРО-да тұнғыш рет тозаңды әкті ұнтақтау, тасымалдау және конвертерге беру жөніндегі бөлімше пайдалануға берілді. Трубалар кұю үшін штрипстік дайындамаға арналған салқындай прокаттауға колданылатын 10 СП болаты және КамАЗ жүк автомобильдерінің рамаларына қажетті 15 Гют лонжеронды болат Мемлекеттік сапа белгісімен аттестатталды. Б. к. өндірісінде Ленин орденімен КСРО-нің құрметті металлургі А. Жүнісов пен И.П. Ковалев марапатталған; Е. Байғазиевке, А. Дәрібаевқа Соц. Еңбек Ері атағы берілген. «Миталл Стил Теміртау» ААҚ цехта МНАЗ - болатты үздіксіз құю машинасының 1-кезегін (2004) іске қосты, 2-кезегі пайдалануға беруге әзірленуде (2006). Машина болаттың жоғары сортын тікелей кристалдау жолымен құюға арналған: көміртегі төмен дәрежедегі болат, перитетикалық болат, құрылымдық болат, жоғары көміртекті болат марқалары. Жаңа технологияға көшу рынок ауқымын кеңейтеді. Қуаты 5,2 млн тонна, инвестиция мөлшері - 330 млн АҚШ доллары. Болаттың құрылымын жақсарту үшін оны термиялық өңдеуден өткізеді; термиялық өңдеудің маңызды әдісі — болатты суару және жасыту. Болатты суарғанда 760 — 900ӘС-ға дейін қыздырып, бірден суға малып суытады, мұның нәтижесінде болат қатты және берік болады, бірақ томырық, морт сынғыш келеді. Суарған болатты қайта қыздырып, біртіндеп суытқанда, болат босап, жұмсап, жасиды. Болаттан жасалған кейбір заттардың сырты қатты, іші жұмсақ болуы керек кездері де болады (мыс., автомашина осінің сырты қажалмайтын қатты болуымен бірге, машина ой-шұқырға соғылған кезде, ось морт сынып кетпес үшін іші жұмсақ болуы керек). Міне, осындайда металдың сыртқы бетінің хим. құрамын өзгертетін мынадай бірнеше әдістер бар: цементтеу — жұмсақ болаттан жасалған заттың сыртқы бетіне көміртек сіңіреді; азоттау — болаттан жасалған затты аммиак ішінде 500 — 600ӘС-та 20 мин. ұстайды; циандау — заттың бетін көміртек әрі азотпен байытады; осы сияқты жылу арқылы силицийлеу, алюминийлеу, хромдау әдістері бар. Пайдалану ретіне қарай Болат мынадай негізгі топтарға бөлінеді: құралымдық Болат , аспаптық Болат және айрықша хим.-физикалық қасиеттері бар Болат (қышқылға төзімді Болат , тот баспайтын Болат , ыстыққа төзімді Болат , электр тех. Болат , т.б.). Негізінен домна пештерінде, конвертерлерде, мартен және электр пештерінде шойын қорытпалары мен Болат кесектерін балқыту жолымен алынады. Болат ты жаппай өндіру әдістерімен қатар оның қымбатқа түсетін әрі өнімділігі төмен, бірақ жоғары сапалы ерекше таза металл алуға мүмкіндік беретін — вакуумдық доғамен қорыту, вакуумды индукциялық қорыту, электрон сәулесімен балқыту, плазмамен қорыту сияқты тәсілдері жетілдіріліп келеді.

       Хромды болат (ор. хромистая сталь) — құрамында хром затында (хромды болат) немесе хром мен басқа элементтермен (кешенді қоспаланған болат) қоспаланған болат. Хромды болаттардың келесі түрлері болады; құрал-саймандық (0,6...1,5% көміртегі, 1...4% хром), мойынтіректі (» 1 % көміртегі, 0,5...1,45% хром), тотбастайтын (»0,05...0,45% коміртегі, 13...27% хром), магнит жасауға арналған (»0,9% көміртсгі, » 3% хром), және басқа хромды болаттар. Кешенді қоспаланған болаттарға хромникельді, хромансиль т.б. жатады. Хромансиль (ор. хромансиль хромнан және лат. manganum — марганец sllicium - кремний) — 1% хроммен, марганецпен және кремниймен қоспаланған орташа қоспаланған құрылымдық болат. Хромды қорытпалар — құрамында никель, титан, ванадий, т.б. элементтер болатын хромның ыстыққа төзімді қорытпалары. Төзімділік қасиеті жағынан хромды қорытпалар жоғары температурада (1100 — 1200°C) темір-никель қорытпалары мен қиын балқитын металл (ниобий, молибден, вольфрам) қорытпаларының аралығында жатады. Хромды тот баспайтын болаттың құрамында көміртектің мөлшері жоғарылаған сайын жегідеге қарсыласуы төмендей түседі. [1]Құрамында 12% хром бар хромды тот баспайтын болатта полиморфты түрлену жүреді. Жоғары хромды тот баспайтын болаттың (17 — 30% хромы бар) жегідеге қарсыласуы жоғары болады. Жоғары хромды болаттың қышқылға және ыстыққа төзімділігі жоғары. Хромды қорытпаларды газды және сұйық жегі ортада пайдалануға болады. Хромды қорытпалар машина жасау, мұнай және мұнай-химия өнеркәсібінде тот баспайтын хромды болат ретінде кеңінен қолданылады.

      Болат — темірдің көміртек (2%-ке дейін) және басқа элементтермен қорытпасы  темірдің көміртегі және басқа элементтермен қосылып жасалған деформацияланатын қорытпасы. Болат - өндіру технологиясына байланысты, қорытпа құрамында көміртектен басқа марганец, кремний, күкірт, фосфор т.б. қосалқы элементтер болады. Мұндай болатты көміртекті болат деп атайды. Болат сапасын арттыру үшін, қорытпа құрамына хром, никель, молибден, ванадий вольфрам, марганец, кремний т.б. элементтер қосылады. Мұндай қорытпа легирленген болат деп аталады. Болат – қара металлургия өндірісінің негізі - машина жасау өнеркәсібі мен құрылыста пайдаланылатын негізгі материал. Пайдалану саласына қарай, болатты басты-басты төрт топқа бөлуге болады :   Құрылыстық болат. Әдетте, прокат күйінде құрылыс конструкцияларының әртүрлі элементтері мен вагон, кеме жасауда қолданылады.  Машина жасау болатынан негізінен әр түрлі машина бөлшектері жасалады. Ол үшін термиялық өңдеу мен химиялық-термиялық өңдеуден өтеді.Аспаптық болат әр түрлі кесу, өлшеу, штамп аспаптарын жасауға пайдаланылады.Айырықша-физикалық қасиеттері бар болат кәбінесе электр техникасы, химия, әскери техникаларын жасауда пайдаланылады.

   Балқытып біріктірілген құралымдар, пісірілген құралымдар — бөліктері бір-бірімен балқытып біріктірілген металл құралымдар. Балқытып біріктірілген құралымдардың тойтармалы құралымдармен салыстырғандағы негізгі артықшылықтарына металл шығынының аз болуы (20 — 25%-ке дейін), дайындау құнының төмендігі, балқытып біріктіру жіктерінің саңылаусыздығы жатады. Қазіргі болат құралымдардың 95%-ке жуығы балқытып біріктірілген құралымдар түрінде дайындалады. Әсіресе, балқытып біріктірілген болат табақ құралымдар ерекше тиімді. Роквелл әдісі (орыс. метод Роквелла, американ металлургі Rockwell құрметіне қойылған) - материалдардың (көбінесе металдардың) қаттылығын өлшеуге арналған әдіс. Ұшындағы бұрыш 120° (A, С болу мөлшері) болатын алмасты иденторды немесе шынықтырылған болат диаметрі 1/16 немесе 1,588 мм шарикті (В бөлу мөлшері) қаттылығы өлшенетін бетке батыру арқылы қаттылық анықталады. Роквелл әдісімен қаттылық шартты бірліктерде өлшенеді. Қаттылық бірлігі ретінде идентор үшының 0,002 мкм-ге осьтік жылжуына сәйкес келетін шама алынған. Роквелл әдісі бойынша сынау арнайыландырылған үстел үстіне қойылатын аспаппен жүрігізіледі. Ол қаттылық санын бірден көрсететін индикатормен жабдықталған. Стилоскоп (ағылш. stell - болат және гр. skope — қараймын, бақылаймын) — болаттар мен қорытпалардың химиялық құрамын шығарылған сәуле спектрінің арқасында визуалды бақылау арқылы тез талдауға арналған спектроскоп. Стилоскопта заттың үлгісі тез жанып буланады да одан ұшқындық және доғалық разряд шыққан сәуле спектры монохроматтық окулярға түседі, Онда ең негізгі компоненттерге (темір, никель, кобальт, мыс, магний және т.с.с.) сәйкес келетін бөлім бағалары болады. Қалыптау болаты - ыссы және суық күйде қалыптауды іске асыруға арналған қалыптарды, сонымен қатар баспақалыптарды жасауға арналған көміртекті және қоспаланған (хроммен) құрал саймандық   болады.                                                  

Орал балқыту-механикалық зауыты– шойын мен болат бақыту негізінде өнім өндіретін, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасына қажетті қосалқы бөлшектер шығаратын өндірістік кооператив. 1942 жылы қаңтар айында Воронеж облысының Усмань қаласынан көшіріп әкелінген. Бастапқы кезде қазіргі атауымен аталып, артиллерияға қажетті оқтар шығарды. 1942 – 1992 жылы “Құрылыс-монтаждау жабдықтары зауыты” деп аталды. 1992 жылы ұжымдық кәсіпорын, 2000 жылдан өндірістік кооператив ретінде жұмыс істейді. Кооперативтің металды балқытып құю, механика және дәнекерлеу-құрастыру цехтары бар.                                      

Қож (Шлак) — балқыту процестерінде (мысалы, болат қорыту кезінде) сұйық металдың бетінде көлкіп тұратын, қатайғанда тас тектес немесе шыны тектес болатын балқыма. Шикіқұрам мен пешке арнайы салынатын флюстердің коспасынан, сондай-ақ металлургиялық пештердегі химиялық реакциялардың өнімдерінен, отын күлінен тұрады. Металлургия процестерінде маңызды рөл атқарады: астындағы металды пештегі газды ортаның зиянды өсерінен қорғайды, қоспаларды сіңіріп алады және басқа да әр алуан физикалық-химиялық функциялар атқарады.

Мульда (нем. Mulde – астау) –

1) болат балқыту өндірісінде – шикіқұрамды, қорытылатын шикізаттар қосындысын мартен пешіне механикалық әдіспен салғанда пайдаланылатын болат, әдетте, құйма қорап, (сыйымдылығы – 0,25 – 3,3 м3);

2) шойын өндірісінде балқыған шойынды құятын қалып;

3) геологияда – өлшемдері тең немесе астау тәрізді ұзынша келген тектоникалық ойпаңдардың не олардың синклиналь пішіндегі бөліктерінің жалпы аты. Бұл термин 19 ғасырдың ортасынан бері пайдаланылып келеді. Мульда қанаттарында көнерек, ортасында жасырақ жыныстар орналасады. Мульдалар синклинальдық, отырған, толтырылған болып ажыратылады. Мульданы құрайтын түзілімдер әдетте шамалы дислокацияланған, астындағы тау жыныстар қат-қабаттарына трангрессиялық түрде орналасады. Мульда біршама баяу тектоникалық режим жағдайларында пайда болады. Мысалы, жер қыртысының геосинклинальдық дамуының соңғы сатысында және геосинклинальдан кейінгі даму жағдайында жаралады. Қазақстан жерінде түзілген ірі Мульдаларға силур, девон және карбонда қалыптасқан Сарыарқа мен Каспий теңізі мульдалары жатады. Изометрлі немесе сопақша синклиналь пішінді тектоникалық пішіншардың немесе олардың жекеленген бөліктерінің жалпылама атауы.

"АрселорМиттал Теміртау" 2012 жылы болат өндірісінің көлемін өткен жылғы деңгейде сақтап қалуды жоспарлаудаҚарағанды. 15 тамыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН - "АрселорМиттал Теміртау" АҚ 2012 жылы болат өндірісінің көлемін өткен жылғы деңгейде сақтап қалуды жоспарлауда, деді АҚ-ның өндіріс жөніндегі аға директоры Виктор Адякин.  "Жағдай кез-келген уақытта өзгеруі ықтимал. Шойын, болат өндірісінің көлемін өткен жылғы деңгейде сақтап қаламыз деп ойлаймын", деді В.Адякин әкімшілікте жиналыста.  Оның айтуынша, дүниежүзілік сату рыногында жағдай тұрақсыз болғандықтан "АрселорМиттал Теміртау" шойын өндірісін тоқтатып, болат өндірісін азайтқан.  "Объективті және субъективті себептерге орай көптеген көрсеткіштер бойынша өндіріс азайтылды (...) 39% - тапсырыстың жоқтығынан. Комбинатта мамыр айында агломерациялық өндірістістегі апат салдарынан 31% шығынға ұшырадық", деді ол.

 Дегенмен В.Адякин компания шойын мен болат өндірісінің көлемін орындау үшін бірқатар шаралар қолданатындығына сендірді.  Облыс әкімі Әбілғазы Құсайынов "АрселорМиттал Теміртау" басшылығын өндірістік көрсеткіштерді қалпына келтіру үшін бар күшті жұмсауға үндеді. "Сіздің компания қаланы ұстап отырған мекеме, салық төлемдері бюджетте елеулі пайызды құрап отыр. Сол себепті компанияның үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуді сұраймын", деді ол. Алдында атап өтілгендей, "АрселорМиттал Теміртау" 2011 жылы 3 млн 684,22 мың тонна сұйық болат өндірген. Бұл 2010 жылғы деңгейден 10,3% көп. 2011 жылы шойын өндірісі 8,5% артқан, 3 млн 141,2 мың тоннаға дейін, көмір өндірісі керісінше 2,3% төмендеген, 10 млн 620 мың тоннаға дейін. "АрселорМиттал Теміртау" АҚ болат құюшы ArcelorMittal халықаралық концерн құрамына кіреді және Қазақстанның тау-металлургия секторындағы ірі кәсіпорын болып табылады.                              

Болат құймакесегі(Слиток стальной) —илемделген немесе қүйылған колемді болат дайындамасы. Болат қүймакесегінен кесу арқылы жеке бөлшек дайындамалар жасалып, металл кесу білдектерінде өндеу арқылы эр түрлі тетіктер мен бүйымдар жасалады; болат металынан қүйылған қүймакесек. 1964 ж. Қазақстан магниткасы — Қарағанды металлургия з-тында (1970 жылдан кейін Қарағанды металлургия комбинат, 1997 жылдан “Испат-Қармет”) Болат қорытатын екі мартен пеші (әрқайсысының сыйымд. 650 т), ал 1970 ж. әрқайсысының сыйымд. 300 т (іс жүзінде 350 т) үш оттекті конвертерлер іске қосылды. Конвертер цехтарының жылдық өнімд. 5,7 млн. т. Онда ауыр жүк көтеретін автомобильдердің рамаларына керекті аса берік лонжеронды Болат балқыту, Болаттың оттегісі аз және оттегісі төмен маркаларынан ақ қаңылтырлы және сортты прокат алу, сондай-ақ, электр тех. Болат алу, т.б. технологиялар игерілген.

Заказать работу

Тип: Реферат

Категория: Химия

Дата опубликования: 17.04.2014 03:15

Закрепить проект Выделить проект

ЗАРАБАТЫВАЙТЕ ВМЕСТЕ С НАМИ!


Что нужно для этого сделать:
1. Нужно Войти на сайт
2. Загрузить свои работы на сайт;
3. Установите свою цену (цена должна быть адекватной, иначе врядли кто-то купит);
4. Мы добавляем лишь свою комиссию;
5. Заработанные деньги можно вывести на банковскую карточку.


НАШ САЙТ В СОЦИАЛЬНЫХ СЕТЯХ: