News

Биыл ақша 5-8% шамасында құнсыздануы мүмкін

0 | 21.01.2015 03:50 | News

Астана. 21 қаңтар. Baq.kz – 2015 жылы валюта айырбастау бағамы ауытқымайды.

Астана. 21 қаңтар. Baq.kz – 2015 жылы валюта айырбастау бағамы ауытқымайды. Биыл ақша құнсыздануы 5-8% төңірегінде болады деп жоспарлануда. ҚР Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен отырыс барысында осылай деп мәлімдеді.

 Оның айтуынша, Үкімет әлемде болып жатқан барлық өзгерісті қатаң бақылауда. Әсіресе мұнай бағасы жіті назарда тұр. Қайрат Келімбетов сарапшылардың басым бөлігі қара алтынның құны 50 АҚШ доллары төңірегінде тұрақтанады деген пікірін алға тарты. 
Қайрат Келімбетов, ҚР Ұлттық банкінің төрағасы: 
- Биыл ақша құнсыздануы 5-8% төңірегінде болады деп жоспарлап отырмыз. Қазақстанда құрылған Ұлттық қорға мұнай сатылымынан түскен қаражат жіберілген. Қазір қорда 73,6 млрд АҚШ доллары жинақталған. Алтын қоры – экономикамыздың тұрақты болуының кепілі.

Дереккөз: 24.kz


Жаңалық жаршысы – Әл Фараби радиосы

0 | 22.12.2014 03:44 | News

Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті радиостудиясының хабарларын тындайтын аудитория көлемі күннен-күнге ұлғая түсуде. Алғашқыда оқу-тәжірибелік лаборатория болып қана жұмыс істеген радио бүгінде дербес студия дәрежесіне көтеріліп отыр.

 
Жаңалық жаршысы – Әл Фараби радиосы

Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті радиостудиясының хабарларын тындайтын аудитория көлемі күннен-күнге ұлғая түсуде. Алғашқыда оқу-тәжірибелік лаборатория болып қана жұмыс істеген радио бүгінде дербес студия дәрежесіне көтеріліп отыр. Радиодағы шығармашылық топ алдын-ала жазылып қойылатын хабарлармен бірге тікелей эфирге шығуды да меңгерді. Радиостудияның «Жас радиозерттеуші» деп аталатын үйірмесі негізінде шығармашылық топ құрылған болатын. Үйірменің белсенді мүшелері болып жүрген  3-курс студенттері Қарашаш Есенбай, Ақсәуле Әбітай, 1-курс студенттері Берікбол Төлеген, Айтбек Тұрсынбаев, Мархабат Ілияс, Салтанат Шырынхан, Еламан Төлепберген ,Хожантаева Айгүл т.б. шәкірттер университеттегі іс-шараларды,оқу орны көлеміндегі жаңалықтарды жария ете отырып ,елдегі студент жастар өміріне қатысты мәселелермен де таныстырады. Сабақ арасындағы үлкен үзілісте жүргізілетін тікелей эфирдің табиғатын меңгерген студенттер тәжірибелі радиожурналистер сияқты аудиториямен еркін сөйлесуге, тыңдарман назарын игеруге машықтанған. Студияның саунд-дизайнері Бақыт Әмірбек – шығармашылық топқа техникалық жағынан көмек көрсетіп отыратын бірден-бір жауапты адам. Әр хабардың музыкалық көркемделуі, әнмен әрленуі,техникалық безендірілуі  өте маңызды шара.

Әл Фараби радиосы университеттің торқалы 80 жылдық тойына тарту ретінде он төрт факультет жайында хабар әзірлеу үстінде. Қазірдің өзінде биологиялық  факультет, заң факультеті, механико-математикалық  сияқты бірнеше факультеттер эфирден орын алды. Әр факультеттің алды университетпен құрдас, яғни олардың  80 жылғы жетістіктерін жария ету студияның маңызды шарасы болмақ. Ректорат шешімдері, факультеттерде болып жатқан іс-шаралар, оқыту процесіндегі инновациялық өзгерістер радиостудия назарынан тыс қалмайды. Көптеген белсенді тұлғалар сөз алып, өз жетістіктері туралы әңгімеледі. Мысалы,«әл Фараби» радиосының тікелей эфиріне журналистика факультетінің деканы, филология ғылымдарының докторы, профессор Өмірхан Әбдиманұлы, философия факультетінің  деканы, профессор Ермекбаева Баян Жүндібайқызы,биология факультеті деканының оқу ісі жөніндегі орынбасары,биология ғыл.канд. Әділ Ережепұлы,  география және табиғатты пайдалану  факультеті деканының оқу және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  Жұмаліпов Айдар Рахметұлы т.б.    факультеттің  жай-күйі туралы  және алда тұрған келелі міндеттер туралы әңгімеледі. Әңгіме тәжірибе алмасу мақсатында өткізілді.Тарих ғылымдарының докторы , профессор Қуаныш Қаражан шақырылып, қазақ тілінің қоғамдағы қазіргі жағдайы жөнінде әңгімелеп,студенттер сұрақтарына жауап берді.

Сонымен қатар жастар ұйымыжөніндегі маман Ләйла Ахметова студенттердің өзін өзі басқаруы жөнінде және ұйымның  алдында тұрған келелі міндеттер жөнінде мәлімдесе,университеттің Студенттер кеңесінің  төрайымы  Сәуле Аязбаева университет жатақханаларының жай-күйі туралы  және кеңестің  алдында тұрған келелі міндеттер жөнінде, ал, студенттер сенатының  төрағасы  Нұрлан Әбдіқадыров сенаттың жай-күйі туралы  және студенттердің өзін өзі басқаруы жөнінде әңгімеледі.

Радионың   тікелей эфиріне шетелдік қонақтар да шақырылып тұрады. Мысалы, Техасс университетінің Ph.D, қатерлі ісік мәселелерін зерттеуші Дос Сарбасов   сұқбатқа шақырылып, жастардың денсаулығы жөнінде әңгімеледі. Гонконг журналистика департаментінің лекторы  C.K.Coxмырза сұқбатқа шақырылып,  оқу процесі жөнінде тәжірибе алмасты. Әңгіме деректі сюжеттер түсірудің шеберлігі жайында болды, журналистік шеберлікті  қалыптастыруға мол мағлұматтар берілді. Ал, АҚШ-тан келген профессор Хелен М.Фаллер сұқбатқа шақырылып,  қазақстандық мәдениет, салт-дәстүр жөнінде тәжірибе алмасты.

Алда әлі де талай жоспарлар бар. Жатахана тұрғындарына хабар тарату да көзделуде. Тек қана жаңалықтар емес, тәрбиелік мәні бар хабарлар беріліп, әдеби шығармалар да ұсынылмақшы.

Шетелдік студенттік радиолар тәжірибесінен үйреніп қайту үшін іс сапарға жас радиожурналистерді алып бару,тіпті университет қана емес, қалалық  әл Фараби радиосының деңгейіне көтерілу сияқты армандарымыз да бар. Әрине, оған демеушілер көмегі қажет.Ең бастысы- шағын студия студенттердің тәжірибе мектебі болып отыр.

Клара Қабылғазина,

филол.ғыл.кандидаты, баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының ассоциир профессоры, әл Фараби радиосының жетекшісі


Банктегі шотыңызды енді egov.kz арқылы толтыра аласыз

0 | 26.05.2014 11:15 | News

Астана. 26 мамыр. – Бүгін Қазақстанның электрондық үкіметінің egov.kz порталында «Қазақстанның түрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ депозиттік, несиелік, шотты толықтыру» қызметін іске қосты.

Астана. 26 мамыр. – Бүгін Қазақстанның электрондық үкіметінің egov.kz порталында «Қазақстанның түрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ депозиттік, несиелік, шотты толықтыру» қызметін іске қосты. Енді Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде шотқа жарнаны жасауды және қарызды өтеуді Қазақстанның электрондық үкіметінің порталы арқылы жасауға болады. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов мәлім етті, - деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

- Бұрын кезек күтіп уақыт өткізсеңіз, енді үйден шықпай-ақ, шотыңызды толтыра аласыз. Бұл қызметтерді қолдану үшін egov.kz порталына тіркелу және Қазақстан аумағындағы кез келген екінші деңгейдегі банктерден шығарылған Visa емесе MasterCard төлем карталары болуы қажет, - деді Айбатыр Жұмағұлов.
Ал бұл оперцияларды орындау үшін, электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) талап етілмейді
Оның айтуынша, карта шотына аудару комиссиясына 150 теңге белгіленген. Ол басқа банктердің карта ұстаушыларынан қосымша комиссиясыз Қазкоммерцбанктің процессингтік орталықтарымен ұсталады. Ал ҚТҮҚЖБ белгілеген жарнаның минималды сомасы 1000 теңге болып табылады.

- Менің өзім осы банктің клиентімін. Сондықтан, осы қызметтерді өзім тікелей қолданамын. Бұл қызмет түріне халық қызығушылық танытады деген сенімдемін. Бір апта бойы сынап көрдік. Осы уақыт аралығында қызметті 17 клиент бағалап үлгерді, - деді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы Бағдат Мусин.

Б. Мусиннің айтуынша, электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік баж салығы, өсімдер, жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін айыппұлдар және байланыс қызметтерін де төлеуге болады. Жылдың басынан бері портал арқылы транзакциялардың сомасы 584 млн теңгеден астамды құраған.

Ал «Қазақстанның түрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ депозиттік, несиелік шотты толтыру» қызметі egov.kz порталындағы «Тұрғын үй қатынасы» - «Төлемдер» салымындағы «Тұрғын үй» тарауында орналасқан. Пайдаланушы «Онлайн төлеуді» шертеді де, ондағы «шоттың коды», «операциялырдың түрі», «сома» алаңдарын толтырады. Енгізілген ақпарат расталған соң, Банк картасының деректері енгізіледі. Операцияларды жүргізгеннен кейін төлем туралы чек пайдаланушының жеке кабинетінде колжетімді болады.

Айта кетейік, бұл чек заңды күшке ие. Сұрақтар туындаса call орталық нөмірі 1414-ке хабарласыңыз.


Ринат Зайытовтың жинақтары жарыққа шықты

0 | 03.04.2014 11:17 | News

АСТАНА. 3 сәуір. Кеше Астанада айтыскер ақын Ринат Зайытовтың сөзіне жазылған әндер мен ақынның қатысуымен өткен айтыстардың DVD жинағының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

4577f9a0ae502a5f2f2f9ca2d52e5483_2014040

 

20140403_152703_20140404_020030_200_200_IMG_81231_20140404_020039_200_200_crop.j

АСТАНА. 3 сәуір. Кеше Астанада айтыскер ақын Ринат Зайытовтың сөзіне жазылған әндер мен ақынның қатысуымен өткен айтыстардың DVD жинағының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

 

Ақынның сөзіне жазылған «Өмір жолы» деп аталатын аудиожинаққа Музарт, Каспий, Жігіттер, НұрМұқасан топтары мен Ғаділбек Жанай, Ақылбек Жеменей, Мақпал Жүнісова тәрізді сахна саңлақтарының орындауындағы әндер енген.

 

«Ринат Зайытовтың қатысуымен» деп аталатын DVD жинағына танымал айтыскер ақындар Балғынбек Имашев, Сара Тоқтамысова, Тілеген Әділев, Кәрима Оралова, Назира Мадашева тәрізді айтыскерлермен бірге өткізген айтыстары жинақталған.

 

Айта өтейік, ақын 1983 жылы 17 қараша айында Шығыс Қазақстан облысының Аягөз қаласында дүниеге келген. Қазақтың айтыскер, суырып-салма және жазбаша ақыны, драмалық актер, филолог. Аягөз ауданының құрметті азаматы; «Астана қаласының дамуына қосқан үлесі үшін» медалінің иегері.

Республикалық бірнеше аламан айтыстардың жеңімпазы. 
 

 

 

Нұрсерік ЖОЛБАРЫС,
Ғабит МАДАЛИЕВ
 (фото).


Тегтер
No tags

БІЗДІҢ САЙТ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ: