2020 жылға қарай елімізде жылына 300 мың автокөлік шығару көзделуде

 

[23.05.2014 03:56]

Астана. 23 мамыр. – «Үдемелі индустриялды-инновациялық даму» бағдарламасы аясында көлік жасау саласының өндіріс көлемі артты деп хабарлайды 24kz.

Елімізде жүк вагондары мен локомотив құрастыру және басқа да жаңа бағыттар ашылып жатыр. Болашақта машина жасау ел экономикасы дамуының негізіне айналатындығын айтады. Көлік құрастырушылар одағының төрағасы Мейрам Пішембаев. 2010 жылы аталған саладағы өндіріс көлемі 220 млрд. теңге болса, өткен жылы 800 млрд. теңгеден асқан. Енді мұнай саласына қажет көліктер шығару басты назарда болмақ. Осыған байланысты ірі шетелдік компанияларменбірлескен кәсіпорындар ашу көзделуде. Сондай-ақ, алда отандық өнімнің бағасы да қолжетімді болады. Мейрам Пішембаев, ҚР Көлік құрастырушылар одағының төрағасы: - Кедендік одақ кеңістігіндегі Ресей, Беларусь үшін көліктің бағасы арзан болады. Ал шетелге экспортталса, әрине, бағасы басқаша болады. Өйткені салынатын салықтар бар. Отандық машина жасау саласын дамытсақ, бағасы да төмен болады. 

ЗАРАБАТЫВАЙТЕ ВМЕСТЕ С НАМИ!


Что нужно для этого сделать:
1. Нужно Войти на сайт
2. Загрузить свои работы на сайт;
3. Установите свою цену (цена должна быть адекватной, иначе врядли кто-то купит);
4. Мы добавляем лишь свою комиссию;
5. Заработанные деньги можно вывести на банковскую карточку.

НАШ САЙТ В СОЦИАЛЬНЫХ СЕТЯХ: