Студенттің курстасын өлтіргені бейнекамераға жазылып қалған (ВИДЕО)

 

[28.05.2014 03:17]

ОҚО ІІД баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша, колледж студенттерінің арасындағы сөзге келіспеушіліктің соңы осылай аяқталған. Олар араларындағы түсініспеушілікті колледж ғимаратында шешпек болған. Бейнебақылау камералары екі студенттің арасындағы жанжалдың атысқа ұласқанын көрсетеді. Видеода жас жігіттің екіншісінің басына қалай оқ атқаны көрсетілген. Зардап шеккен жасөспірім ауруханаға жеткізіледі, алайда бірнеше күн өткен соң есін жимаған күйі жан тапсырған.

 


Оны атқан күдікті оқиғаның ізі суымай ұсталды. Ол өзінің жасаған ісін мойындап, травматикалық тапаншаны Кентау көшелерінің бірінен тапқанын айтқан. Жігітке қатысты ҚР ҚК 96-бабы «Кісі өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ақпарат көзі: BAQ.KZ

ЗАРАБАТЫВАЙТЕ ВМЕСТЕ С НАМИ!


Что нужно для этого сделать:
1. Нужно Войти на сайт
2. Загрузить свои работы на сайт;
3. Установите свою цену (цена должна быть адекватной, иначе врядли кто-то купит);
4. Мы добавляем лишь свою комиссию;
5. Заработанные деньги можно вывести на банковскую карточку.

НАШ САЙТ В СОЦИАЛЬНЫХ СЕТЯХ: