Елімізде білім технологияларына арналған сайт ашылады

 

[25.09.2017 03:32]

Елімізде білім технологияларына арналған сайт ашу жоспарланып отыр. Бұл туралы Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің басшысы Болатбек Әбдірасылов айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«EXPO-2017 халықаралық көрмесі жоғары деңгейде өтті. Біз, Білім және ғылым министрлігі осы ЭКСПО-ға келген елдердің технологияларын көріп, оларды болашақта мектеп, жоғары оқу орны, ғылыми зерттеу институты деңгейінде қалай қолдануға болатынын әрі болашақ ұрпаққа қалай жеткізуге болатынын зерттедік. Осы бағытта арнайы үлкен жұмыс тобын да құрдық. Бұл жұмыс тобында белгілі сарапшылар, ЖОО мен ҒЗИ ғалымдары бар. Біз бірнеше апта бойы ЭКСПО-дағы жаңа технологияларды, білімге қатысты көрмелерді қарап, өзіміздің сарапшылық бағамызды бердік. Біздің жоғары оқу орындарымыз, ғылыми зерттеу институттарымыз шетелдіктермен 9 меморандумға қол қойып, 20-ға жуық келісімшарт жасады. Солар бойынша ЖОО-лар жұмыстарын бастап, бұл істі әрі қарай жалғастырып жатыр. Көрме ғылым мен білімге өз пайдасын тигізді. ЭКСПО осы салада әріптестік орнатуға мүмкіндік берген үлкен алаңға айналды», - деді Б.Әбдірасылов.

Оның айтуынша, БҒМ білім және ғылым саласында ақпараттық алаң – сайт ашуды жоспарлап отыр. Онда негізгі білім технологиялары жарияланбақ әрі бұл ресурс әр қазақстандық мектепке қолжетімді болмақ.

«Осылайша, біздің мектептер өзіміздің және әлемнің білім технологиялары саласындағы жетістіктермен таныса алады», - деп түйіндеді Әбдірасылов.

ЗАРАБАТЫВАЙТЕ ВМЕСТЕ С НАМИ!


Что нужно для этого сделать:
1. Нужно Войти на сайт
2. Загрузить свои работы на сайт;
3. Установите свою цену (цена должна быть адекватной, иначе врядли кто-то купит);
4. Мы добавляем лишь свою комиссию;
5. Заработанные деньги можно вывести на банковскую карточку.

НАШ САЙТ В СОЦИАЛЬНЫХ СЕТЯХ: